ВЕРНУТЬСЯ

      
Алғашқы отырыстан өзгеріс жоқ. Әңгімені
тағы да Мәмбет бастайды.

      
Мәмбет. Сабыр сол пәлеге ұшырайтын күні штабқа барғанмын.
Дивизия командирі "Сенін колың жақсы, наградаға ұсынылғандардың документтерін толтыруға
штабқа барып көмектес" деді.Кешке дейін сонда
болдым. Тізімнен басқа дөнеңе
жазған жоқпын. Блиндажға түн ортасында келдім. Сендер
ұйықтап қалыпсындар. Екі
күннен кейін Сабырды барлық  қолжазбаларымен
арнаулы бөлім алып кетті дегенді бір-ақ білдік. Оңай дүние емес екенін бірден түсіндім. Қанша дегенмен
соғыс уақыты, немен бітерін кім білсін,

жедел
әрекет жасап, бір есебін
тауып көл ұшын берейін дедім. Өзара кеңестік. Бөлім командирінен бастап әрі
қарай ізденейік дегенімде, алдымен сен, Өсіпбай, Исабек, сен де, Дөсберген, сен
де-үшеуің қосылып алып мені үгіттедіндер. Сонда сендерге құлақас қаныма осы
күнге дейін өкінемін. Бір қылмысым болса, сол. "Армияның уставы бойынша
ізденуге болмайды, керек десе өздері шақырып сұрайды, ізденем деп қайта кесір
тигізіп аласың, анау болмайды, мынау болмайды" деп тоқсан тоғыз дәлел
айтып көндірдіндер түге. Сонымен бәріміз қыбыр етпей үнсіз қалдық. Сабырга сол
жолы іздегенде көмегім тиер ме еді, жок па, білмеймін, бірақ... (Пауза.)

Досберген.
Маған сөздің тазасы керек. "Сабырдың сол өлеңдері
жайлы дәл қазір не ойлайсың" десе "өзіңнің де, өзгенің де басын ауыртпа" деп қараймын да отырам. Соғыстан кейін
бейбітшіліктен басқа ән салған жоқпыз. Бейбітшілік сақталса болды! Анау-мынау
солқылдақтығыңның маған көк тиынға керегі жоқ. Поэзия дегеніңмен өмірі керші
қонған емеспін. Өз басым ол кезде үндемей қалғанымды жөн санадым. Шақырып алып
сұраса, әнгіме басқа, онда да ондырып ештеңе айта алмас едім. Кім білсін, бірдеңе дер едікте.

Иосиф
Татаевич. Өйттім-бүйттім
деп көкірек қаға алмаймын. Көбісі есімде қалмапты, басы-қасында болған жоқпын. Өз басымның қатысы шамалы. Бірақ, Сабыр да
періште емес, демек бір пәлесі бар, әйтпесе тегіннен-тегін айыптап сүргінге
салмаса керек.

А
л м а г ү л . Ау, оны кейін ақтап жіберді ғой.

Иосиф
Татаевич.Оның бәрі кейін,ол кезде кейіндейтін ұғым болмайтын.

М
ә м б е т. Баяғыдан бері сенің мұндай қаны пезер адам екеніңді білсекші...

Иосиф
Татаевич.Неде сең ода,мен заманның адамымын,
ешкімді де жекпе-жекке шақырмаймын, өзгеге қиянатым жоқ, атағым
да, абыройым да өз еңбегімнің арқасында келген. Сыйлайтыным тәртіп, демек ойланудың өзі, ойдың өзі тәртіпке
бағынсын, керек десең өлеңге де
тәртіп керек. Ал енді мен қаныпезер
адаммын ба, басқамын ба, ол өз
алдына мәселе. Менің бір білетінім - сол оқиғаның
кезінде штабқа барған мен емес, мына сен болатынсың.

И
с а б е к . Мәмбет, бар пәлені бастаған сен, саған күдігім бар деуге аузым бармайды. Әрине, бірақ сол
штабқа барғаның ойыма оралған
сайын өзіме-өзім жауап таппай қиналамын.

М
ә м б е т . Ол бір маған тағдырдың басқан танбасы да.

И
с а б е к . Білмеймін, білмеймін.

А
й ш а а п а . Басым зеңіп кетті-ау, сендерді тындап отырып аң-таң
қалам. Бірге өстіндер, майданда бірге болдындар, ал біріңнің басыңа іс түсіп еді,
оны бұрын-сонды білмеген, көрмеген
адамдай әркім бастарыңмен әуре боп қала бердіндер, мұндай да болады екен,ә?

И
с а б е к . Сабырға қол ұшын бермеді екен деп ойламаңыз, Айша апа. Мен өз басымды алайын, ана жақтан келісімен-ақ
қолынан жетектей отырып редакцияға орналастырдым. Ішіп жүріп одан шығып қалды. Тағы да бір редакцияға
апарып тықтым. Одан да кетті. Радиоға келдім, ем қонбады, не керек, тайғанақтай
берді.

Г
ү л ж а н . Осының бәрін бірінші рет бүгін естіп отырмын. (Исабекке)
Сабыр туралы осы уақытқа дейін неге бір ауыз сөз айтпадың?

И
с а б е к . Оның саған айтатын несі бар?

Г
ү л ж а н . Ау, бірге өскен достарың емес пе? Балалық базар, талай сырларың ортақ болды ғой. Енді өз дегендеріңе қолдарың жетіп
жүрген достарысындар. Олай болса Сабырды бүгін осында неге ертігі келмедіңдер.

И
с а б е к . Сен не айтып отырсың? Ол әбден маскүнем боп  біткен
адам. Әйелі әлдеқашан кетіп қалған... Ең ар жағы қызы да жуырда
күйеуге шыққан тойына шақырмапты! (Паузадан кейін.) Бәрібір арқан салып сүйресең де ол мұнда
келмейтін еді.

Иосиф Татаевич. Бәріне өзін кінәлі.Жалғыз
солма,оралып келгендердің талайлары екі білекті сыбайуп еңбекке араласып ел
қатарыңда жүріп жатыр. Кімді кінәлайды, кімге өкпелейді, тарихқа ма? Үлкен
тарихи кезендерде өзіне лайық қателігі болмайтын ол қандай тарих? Өмір деген
оңай дүние емес, Әңгіме сонын қым-қиғаш қиындығын жеңе білуде. Мұндайда өз
бетіңді, атынды жоғалтпас үшін биік сана, қайтпас жігер керек. Ол ше? Табансыз
талант, жігерсіз адам, жоқ болды да жүре берді.

Гүлжан.
Болдындар-ау деймін, енді маған құлақасындар.

Досберген.
Бұған да шүкір. Ал енді тамада кетті.
Ура!

Г
ү л ж а н . Әлгіден
бері Сабыр хикаясын бар зейін-зердеммен тындап
отырдым. Байқағаным соғыстың сұмдығын көзімен көріп жүрген Сабыр мұң-зарға толы поэма жаза
бастайды. Соғыс атаулы адам баласына апат, солай емес пе? (Пауза.) Бірақ "жауды өз ордасында талқаңдамай
тынбаймыз" деген ұранмен бара жатқанда  мұндай
жырлар, былайша айтқанда, соғыстан бас тартқан болып танылуға мүмкін. Солай емес пе? (Пауза.)
Менің өз әкем майданда қайтыс
болды, сол кезде мұндай өлең оқысам мен де дәл осылай

ойлауым
ғажап емес. (Пауза.)

А
л м а г ү л . Менің екі ағайым да қыршын кетті. Бірі летчик, екіншісі танкист еді. Әрине, әңгіме қазір олар туралы емес. Мен де бастан-аяқтындап отырмын. Енді осы оқиға
неге былай болды деген сауалға бейтарап қалу мүмкін емес. Алдымен басын ашып алайық егер сабырдың поэмасы не газетте, не журналда
басыл-

маса,
радио арқылы берілмесе, сонда...

И
с а б е к . Еш жерде жарық көрген жоқ.
Сырты көк, қалың дәптер болатын. Оны
бәріміз де білеміз.

А
л м а г ү л . Демек, өзінің күнделік дәптері ғой? Небәрі күнделік дәптер ғана.
Ақын адам айналасындағы көз көрген оқиғаны өзінше бағалап, өз топшылауын жазуға
қақысы бар ғой. Менің осы
түсінігім дұрыс па? Ендеше қателесуі
де мүмкін.

И
с а б е к . Мүмкін бе, мүмкін емес пе деген не сөз? Білгің келсе былай. Ол сол
поэмасындағы идеядан Вена қаласына кіргенше бас
тартқан жоқ, ақыры айдалын тынды.

А
л м а г ү л . Бірақ майдан даласында. өз қаруын тастап, жауынгерлік борышынан бас гартқан жоқ қой. Ол өзінше сезген, түйгенін жыр дүниесінде ойлап...

Иосиф
Татаевич. Оның тағдырын шешкендер баскаша, ойлаған болар. Айналып кетейін-ау,
ойлап-ойлап дейсің, алдымен қалай ойлауды білу керек қой. Біздің бар ойымыз да,
жігеріміз де түгелдей жеңіс жолына жұмсалды, сондықтанда женіске жеттік...

Досберген.
Өйтіп күйе жақпа,
Өсіпбай. Сабыр сені мен менен кем жауынгер болған жоқ. Венаның түбінде бір журналистің  Сабырдың
бізге жазған хатын әкеп бергені есінде ғой. "Шітрафной батальонға
сұранып едім. Қабылдамады. Қош болындар" деп екі- үш ауыз-ақ сөз жазыпты. Сол хатты неге
жібергенін білесің бе?  Себебін ойлаған күнің болды ма?

Иосиф Татаевич.Күнәсін қанымен актағысы
келгенде. Бірақ штрафнойға да жібермеуінің өзі тегін емес. Ол - сенбеді деген
сөз.

Г ү л ж а н . Бірақ өз басы сендерге
сенді ғой. Ал сендердің біреуің бұғып жүріп бүлдіргенсіндер.

Ә
н у а р . Кұдай үшін қойындаршы енді. Сен де емессің, сен де емессің, мүмкін сендерден басқа біреу
көрсеткен шығар, оны кім біледі,
ондайлар аз ба?

И
с а б е к . Әй, қайдам, оған енді...

М
ә м б е т . Дивизия бойынша біздің тілге түсінетін, Сабырды былай қойғанда, осы төртеуімізден басқа
ешкім болған жоқ. Өлеңді түсінетін
адам оқиды ғой, соған қарағанда...

Г
ү л ж а н . Мен байқап отырмын, жолдастар, бәрің де бейкүнә сәби, ақ қанатты періште болып көрінгілерің келеді. Не
десеңдер, о дендер, Сабырға жасағандарың - барып тұрған жауыздық. (
Пауза.)

И
с а б е к . Сен асыра сілтеп кеттің-ау.

Иосиф
Татаевич. Мен мұндай формулировканы қабылдай алмаймын. Бүкіл қауым мүддесі үптін жасалған әрекет - еш уақытга жауыздыққа саналмайды. Сендер мені өз басын ақтап
отыр деп ойлап қалмандар. Мен жауыздыққа барған жоқпын, бара қойған күнде айтарым әлгі.

Г
ү л ж а н . Мына сөзіңе қарағанда кез келген жауыздықты ақтауға болады ғой.

Иосиф
Татаевич. Айтарымды айттым, қайтып аларым жоқ. Әркімнің өз
принципі бар.

Досберген.
Ау, ағайындар, маған да жандарың ашысын да, сорлы
басым, мына жын соғып кеткен Фудзияманың басына сендерді
неге әкелдім екен. Әп-әдемі Көктөбеге қайдағы жапонның айдарын таққан сен қатын. Сондықтан да мыналар бізде
қонақта отырғанын окончательный ұмытты. Әлгі будданың құдайы

дей
ме, сонымен сырласамыз деп не таптындар кәне? Жоқ, жолдастар, мұндай қысыр таласпен
ешкімді жарылқамайсыңдар. Бәрін де ұмытайық,
дұрыс айттым ба, Айша апа?

А
й ш а а п а . Бұл да жөн.
Сендер бәрібір қазір
бұл тас түйінді

шеше
алатын түрлерің жоқ, өздерінді де, өзгелерді де бекер қинамай-ақ қойындар.

Досберген.
Кәне, кәне, ішіп-жеп, ойнап-күліп дегендей, мына
таза табиғаттың
рахатын көрмейміз бе? Қазір костер дайындаймын. Көктөбенің басындағы көсердің жалыны бүкіл әлемге бір-ақ көрінетін
болсын. Тамада, тамада, кәне құйдык, тандай кеуіп барады. Бәрі де серпіліп қалады, ыдыстарға құяды. Мәмбет палаткаға қарай беттейді.

А
л м а г ү л . Ойбай-ау, самауырым әлде қашан
сеніп қалыпты ғой. (Мәмбетке ере, іле-иіала.) Сабыр
туралы осы уақытқа дейін бір ауыз
сыр айтпағаның не?

М
ә м б е т . Мұның бар хикаясын Досбергеннен біледі деп жүрмін ғой. Шынына
келгенде мұндайды айтудыңда өзі оңай емес екен.

А
л м а г ү л . Бәрібір ең алдымен осыны тек сен, сен ғана айтуың керек еді
маған. Міні, қазір,
қазір басым айналып,
жүрегім бір түрлі суылдап...
әттең қонақ иесімін, әйтпесе қазір
таяр едім осы жерден... Білем,
білем, Сабырды саткан сен емес! Саған сенем, саған
сенем. Жоқ, жоқ, сен емес, сен емес.

М
ә м б е т . Менің дәлелім жо қой, дәлелім жоқ. Сабырға сол кезде қол ұшын бере алмадым, енді,
ендігімнің бәрі бекер...

Ә
н у а р (жайымен Иосиф Татаевичке). Мәмбеттің жаңағы әңгімелерінен кейін... сен енді оған
көмектеспейтін шығарсың, ә?

Иосиф Татаевич.Ол жағынан кам жеме,бәрідеМәмбеттін
өзіне байланысты, келгісі келе ме, бітті. Бірақ, оның бойындағы қыңырлық пен
надан намысқойлығы жібермейді, (Пауза.) Әй, Әнуар, Әнуар, қалаған теңізіннің
жағасында өзіңмен қол ұстасып серуенді салып жүрер ме еді... Сен сияқты әйелмен... Әттең, дүние, жүрегінді
жайып салып дегендей. Амал жоқ,
амал жоқ, аяқ тұсаулы, қол бұғауда. Мұрша, мұрша
келмейді. Шатыр жанында.

А
л м а г ү л . Жоқ, Сабыр алдында арың таза. Білемін, білемін, сен емес. Жүр, жүр, аналарға барайық. Ана самауырды ала жүр. Кәне, кеттік, Мәмбет. (Мәмбет самауырды
әкеледіде, шатыр жаққа беттейді. Алмагул дастарқан басына келеді.)

Досберген.О,
Айша апа, несін айтасыз, Сабырмен бірге талай
кызықка баттым ғой. Атамаңыз деймін. Өлендері
барлық газет-журналдарда басылып жатты, талайын
әнге салып айтып жүрді жұрт. Әсіресе, қыздардан
көп хаттар келетін. Оқып
үлгіре алмайсың. Сізден жасыратын не сыр бар. Өзім Сабыр болып талай қыздарға хат жаздым... Сабыр оған күлетін.
Ойдой, талай махаббат жалынына
жылындық қой! Хат арқылы,
ойбай, бәрі де хат арқылы.
Ең азабы әрбір хаттың аяғына бір-екі ауыз өлең жазу шарт. Бұл
жағынан менің көп етпейтінімді өзіңіз білесіз. Ондайдан әйтеуір, обалына не
керек, Исабек құтқаратын. Ол
кезде бұл да өлеңді бұрқыратып жүретін,

А
й ш а а п а . Исабек тым тәуір жазатын, бекер тастап кетті.

Г
ү л ж а н . Шынымен тым тәуір ме?

И
с а б е к . Жасында өленді кім жазбайды дейсіз? Ол да ізденудің бір жолы. Ақырында әзімді байсалды да құдіретті прозадан  бір-ақ таптым. (Мәмбет келеді.)

Г
ү л ж а н . Осы айтып тұрғаныңа өзің
сенесің бе?

И
с а б е к . "Әйеліңе қадірің жоқ
етіңді көреді, ағайынға қадірін жоқ бетіңді көреді" дегендей, Айша апа, онын үстіне қаламдас жолдастарың
да қызғаншақ, күншіл.

Г
ү л ж а н . Бәрі түсінікті. Әйелін мойындамайды. Айналаңның бәрі Сальери. Күнделікті әнің ғой.

И
с а б е к . Неге болмасын? Әр Моцарттың өз Сальериі бар. Табиғат о баста солай жаратқан. Пенде
болған соң, баяғы пендешілік...

Досберген
(бөліп).Осы сенет жағына қалай едің,ей?

И
с а б е к . Әкеле бер.

Досберген.
Қазір, қазір. (Кетеді.)

И
с а б е к . Жасыратыны жоқ, Айша апа, тірлік ету де, жұмыс істеу де күннен-күнге қиындап барады.
Хабарыңыз бар, өзім Азия- Африка
жазушыларының конференцияларына белсенді қатысамын. Әсіресе басқа мемлекеттерді
аралаудан алған әсерлерім жеке кітап
болып шықпай ма, содан бастап,
ашық дұшпан, жасырын дұшпан дегендерден аяқ алып жүре
алмаймын. Құрысын, адам ығыр болады екен... "Көршінің қуанышына көршінің қаны қашса одан қайыр
күтпе" деп бекерге айтпаған ғой, апа.

А
й ш а а п а . Ондайға назар аударып қайтесің. Жұмысыңды істеп жүре бер, ешкімге зияның тимесін.

И
с а б е к . Жұмыс жағына мықтымын-ау, бүкіл жан-жүрегім  соның
үстінде. Ұйқысыз түндерде қисап
жоқ. Бірақ мына күншілдік дегеніңіз сор болды. Кітабым шыға қалса болды, мықты
деген жазушыларыңыздын өзі бүкіл еңбегімді
халтура деп жар салады. Бәрін
жоққа шығарады. Бұған не айтарсың? Амал жоқ, ізінді андыған сальеризммен бар
мүмкіншілігінді пайда пана
майданға шығасың. Қаныңмен жазғанынды халтура десе, әзінді халтурщик десе, қалай шыдарсың?

Мәмбет.
Есіңізге сала кетейін. Сальери Моцартты
еш уақыта халтурщик деп атаған емес. Ол моцарттың данышпандығын жылап отырып мойындаған адам. Сөйтіп жүріп данышпанды у беріп өлтірсе
де - одан аса алмады, мұратына жете алмай, өмірі қорлық, күйзеліспен өтті. Жылап жүріп зорлық
жасайтындардың ақыры солай бітпек.

И
с а б е к . Әй, Мәмбет-ай, құдайым
қазіргі Сальерилерден сақтасын де онан да. Ана Сальери маэстро. Ода еркек, азамат, зұлымдықты өз
қолымен істеді. Ондайларды құрметтеу керек. Бұл кездегі
Сальерилер ше? Өзі емес, біреулер арқылы түбіңе жетеді. Жиналыс
сайын бетінді тырнатады, газетке жаздырады, қолма-қол өлтіре алмайды, жүйкенді
жегі құрттай жеп өлтіреді.

М
ә м б е т. Байқаймын, саған нан табу да онай емес екен, бауырым.

И
с а б е к . Дұрыс айтасың, кейде кірпік қақпай шығатын түндерім болады.

М
ә м б е т. Ой соңындасың ғой баяғы не
ойлайсың?

И
с а б е к . Ой баяғы біреу - сұм тірліктің қамы. Өмір шіркін заулап өтіп барады. (Пауза.) Айтпақшы,
Айша апа, соғыс жылдарында Сабырдың өлендері
басылған барлык газет, журналдарды сізге
өзім тауып берем. Менде
бәрі бар. Ең ар жағы майдан газеттеріне дейін табылады. Оның шығармаларын
тіс-тырнақтан жүрігі,

мендей
жинаған адам жоқ. Енді бәрін бір жинақ етіп баспаға ұсынайын деп отырмын.
Осыған орай сізден бір өтінішім
бар, Айша  апа. Әлгі өзіміз
оқыған мектептін музейін
жабдықтаған кезде Сабырдың қатарына менің де шығармаларымды қоярсыз.

А
й ш а а п а . Қам жеме, бұл өтінішінді
ескерем.

М
ә м б е т (Исабекке).
Оның қажеті не? Соққы жеген
жанның қасында, "мұратыма жеттім, төрт құбылам түгел" деп салтанат құрып
тұрғың келе ме?

И
с а б е к . Сен де соғасың-ау. Мен мұнымен
екеуіміздің рухани тамырлас жатқанымызды дәлелдемекпін. Осындай қыңыр ойлар саған қайдан келеді? (пауза.) Сау емессің, Сальери екенінді мойындауың керек.

М
ә м б е т. Сонда сені күндеп жүрмін бе?

И
с а б е к . Ол да ғажап емес.

М
ә м б е т . Жоқ, бауырым, қауіпсінбей-ақ қой, өйткені сен Моцарг емессің.

А
л м а г ү л. Осы жақыңда мен бір журналдан мақала оқыдым. Сонда
Сальери туралы қызық пікір айтылған. "Әрбір істің өз Моцарты, өз Сальериі бар, сондықтан әрдайым тек
қана данышпанды қолдап, екінші жағын
есепке алмау қиянат. Күн мен түннің алмасуы, ізгілік ден зұлымдықтың арбасуы тірлік тетігі тәрізді. Адам қауымы тек данышпандар қауымы ғана болуы
мүмкін емес" дейді.

И
с а б е к. Мм... пікірі қызық екен.
Тауып алып оқитын дүние.

М
ә м б е т . Олай болса Гений мен Злодейство проблемасын қайда қоямыз? Автор бұл тарапынан бір жаңалық
ашпай ма?

Алмагүл.
Ашақоймаған. Бірақ мақала авторының айтуынша, бәрібір адам атаулының
Сальерисіз күні жоқ болса, оның күншіл
күйбең тірлігіне де, бейбақ халіне де, шегер азабына да адамгершілік аянышпен қарау керек дейді.

Г
ү л ж а н . Ғажап екен. Түсінсем бұйырмасын. Сонда немене, "қызғаныш пен күншілдіктін құлы
жасасын" дейміз бе?

Иосиф
Татаевич. Бұған танданатын не бар? Өмірде әркім өзі
үшін күреседі. Адам дүниеге екі қайтара
келмейді, бір келді ме, білгенін
істейді, өзгеден кем болмауға тырысады. Немене данышпан атақ-абыройдың ұшар шыңына шырқап бара жатқанда ол етекте мәз болып қарап тұра беруі
керек пе? Жоқ,
кешіріңіздер, ол өзі үшін күреске шығады, қозы жауырын жебемен шың басындағы данышпаныңызды тартып жіберіп, төнкеріп
түсіреді. Сальеридің өзін
танытар өмірдегі орны осы.

Г
ү л ж а н . Адал, ақыл айқасы емес, баяғы бақастық, баяғы зұлымдық.

Иосиф
Татаевич. Айналып кетейін, Гүлжан, мен бұл жолы да өз көзқарасымды қорғап, өз принципімді ұстап қала берем.

И
с а б е к . Өткен жылы Цейлонда болғанда бір будданың монағымен шайкасқаным
бар. Мен оған "егер жер бетінде жамандық жойылып,
тек кана жақсылық
қалса, өмір атаулы өрісін жоғалтады, бәрі бітеді" дегенімде жұмған ауызын аша алмай қалды.

М ә м б е т . Мүмкін, жамандық пен
жақсылыктың күресі біткен күнде болар.

И
с а б е к . Әрине, әрине. Содан кейін Пакистанның жазушыларымен
кездескенімде...

Г
ү л ж а н . Ал басталды. Аравияда пәлен жазушының аузын аңқитып
кеттім, Сенегалда сілтідей тындырдым, Индияда үнін шығармадым, Египетте
есеңгіреп қалды, Камбоджада қайран
бопты, не керек, мұның женбеген жазушылары шамалы. Соған
қарағанда осымен сөйлескендердің
көбісі жарымес-ау деймін.

Қолында
ожауы, Досберген келеді.

Досберген.
Уа, құрметті конақтар,
тоқтының еті де жақындап қалды.
Ұзамай бүгінгі Фудзияма
басындағы адамдардың аңсаған
арманы орындалады.

А
й ш а а п а . Күн де біраз боп қалды...
Ал енді мен жүрейін.

Досберген.
Айша апа, мыналардың менің миым жете бермейтін талас-талқысы басталмай тұрғанда
бір-екі ауыз сөз айтып қалайын. Бүгінгі күннен тапқан бас олжам, өзіңіздің ортамыздан табылғандығыңыз. Көктөбенің басында тағы да сіздін келгеніңізге рахмет
айтып, әрине, машинаңыз төменде күтіп тұр. Асықпаныз, сөз арасындағы әңгіме ғой, ие, сонымен
көп жылғы ұстаздық еңбегіңізді
еске алып, сіздің денсаулығыңызға тартып жіберуге рұқсат
етіңіз. Түлектеріңіздің кім болғанын өз көзінізбен көріп отырсыз... Опасыз адам болғым келмейді.
Бойымызда не жақсы қасиет болса бәрі сіздің еккен ұрығыңыз.
Міні, сіздін ұлы жүрегіңіз,
ұзақ денсаулығыңыз үшін кеттім.

Иосиф
Татаевич.Шын жүректен айтылар алғысымыздың
бәрі сізге арналады, Айша апа. Қаншама
ғажайып адамдар тәрбиеледіңіз. Ана есебінде, ұстаз есебінде қалай мақтансаныз да жарасып
жатыр. Басқасын былай қойғанда, мына отырған Исабек Мергеновты алайык, мұны қазір кім білмейді! Мәмбет болса рес-публикамыздағы белгілі
мұғалімдеріміздің
бірі, сөз арасында айта кетейін,
астаналық бір мектепке баратын
уақыты да жетті. Досбергеніңіз
мынау, бас агроном, өз мамандығының шебері... қонақ-жайлылығы өз алдына.

Досберген.
Эх, достарым, бұл өмір
емес деш қой. Өзінді ұмытып кетпе, Өсіпбай. Бес минуттан кейін
академик, тіпті одан әрі
қайсысы еді... Сен әлі министр болып қарамай кетіп жүрме.

Иосиф
Татаевич.  Күле тұр,күле тұр.Айшаапа,сізден бір
өтінішім мынау. 7 ноябрьде
біздін үйде болыңыз. Осы Фудзияманың басындағылардың бәрі де сол күні сізбен
бірге болады деген үміттемін.
Максуда қуанып қалады,
ол өзі тамаша әйел, келініңізді
айтам.

А
й ш а а п а. Баруына барайын, бірақ
менен де бір өтініш,
сол күні бесеуінді бірге көрсем деп едім.

Иосиф
Татаевич.Оған құлдық,мендайын...

Досберген.
Оның реті келе қояр
ма екен, Айша апа. Сабырмен өзім сөйлестім ғой. "Өткеннің бәріне салауат,
үй-жайыңды, бәрін дайындап берем, ауылға жүр, бірге болайық" деп қаншама жалындым... қолын бір сілтеп құла
асқан жоқ.

А
й ш а а п а . Айналып кетейіндер, мен де енді жүрейін. Сендерге рахмет. (Пауза.) Мен бір кезде ойлаушы ем...
Өзім көз ашқалы Совет өкіметімен бірге жасап келген
адаммын. Бес жасымда әкемді
де, шешемді де басмашылар көзбе-көз
өлтіріп кетті. Детдомға алындым, оқыдым. Хаттанып, кітап оқи бастағаннан көкірек көзі, бүкіл әлемнің есігі ашылғандай болды. Сол
жылдары, өзімше, көп ұзамай жұрттың
бәрі білім алады, содан кейін бұлақ
суындай мөлдір мұң-мұқтажсыз, мәдениеті саналы өмірдін
салтанаты басталады деп ойлаушы едім. Сөйтсем, өмір деген иірімі
мен толқыны арпалысып, екі иығын жұлып жеп ағып жатқан ағуын өзен екен. Қарап отырсам, білетіндерің де мол, талас-тартыстарың да орынды... Біздің
де таласымыз осы реуіштес - дүниеде не жақсы, не жаманның төңірегінде болатын.
Адам баласы әділет пен ақиқатқа ежелден ғашық боп туған. Оның бар сыр-сипатын
аңсауда шек болмайды. Бәрін
таптым, бәріне жеттім деген
күні... (Пауза.) Бәрібір мұны Сабырдан артық айта алмайсың. Сол өлеңі
журналға жарияланғанда онша байыбына бара қойған
жоқ едім. Бірақ есімде қалыпты. Кейін жылдар өткен сайын мән мағынасына түсіне бастадым. "Қайткенде адам қалады адам болып?"

И
с а б е к . "Мәңгі талас, мәңгі дау".

А
й ш а а п а.

Мәңгі
талас, мәңгі дау,

Қайткенде
адам қалады адам болып?

Қан
сасыған соғыста да сол сұрау -

Қайткенде
адам қалады адам болып?

Ұрандаған
жорықта, жорықта да сол сұрау -

Қайткенде
адам қалады адам болып?

Тура
ажал кеп, қорыққанда да сол сұрау -

Қайткенде
адам қалады адам болып?

Мәмбет.

Жаудан
қашып жасығанда сол
сұрау -

Қайткенде
адам қалады адам болып?

Жауды
жеңіп тасығанда сол сұрау -

Қайткенде
адам қалады адам болып?

Кім
бізді осы дау-таласқа қалдырған,

Қашан
болсын шыға келер алдыңнан.

Айтындаршы,

Қайткенде адам қалады адам болып?

Г
ү л ж а н . Жап-жас кезінде қалай
айтқан, ә?

А
л м а г ү л . Лермонтов ше?

И
с а б е к . Соғыс, бауырларым, соғыс. Соғыс дегенің дүние танудың
ең ауыр мектебі.

Г
ү л ж а н . Бірақ сол
ауыр мектеп жұрттың бәріне бірдей сабақ
бола бермеген сияқты.

И
с а б е к . Бұл сапарда сен жалғыз мені ғана мұқатып отырған жоқсың. Айналана қара, мен жалғыз
емеспін, әр нәрсенің орны бар.

Иосиф
Татаевич.Басқарма арамтер болмай-ақ қой,Исабек. Өз басым шыбын шаққан құрлы
көрмеймін. Ал, әлгі өлең жағына
келсек, қалай деуге болады? Бұл
еленде мәселе тым абстрактно қойылған. Ең алдымен
уақыттың нышаны жоқ,
екіншіден  әңгіме қайдағы,
қандай адам туралы болып отыр?

М
ә м б е т . Бұл өлең маған осы
болмысымен қымбат. Бүкіл адам
баласына ортақ ой.
Біздің әлеуметтік биігіміз, өткен
жолымыз бүкіл адам баласының атынан сөйлеуге мүмкіншілік беріп отыр. Тарихта бірде-бір қоғам біздер өткен ауыр жолды басынан әлі кешірмегені бәріңе аян...

Ә
н у а р . Лермонтов кім? Қайдағы бір Сабыр деген кім? Сыпайылап айтқанда, тапқан екенсіндер кімге теңеуді.

М
ә м б е т. Әрине, сен үшін ол қайдағы
біреу, ал мен үшін тағдыры тамырлас, өзі
бауырлас.

И
с а б е к . Сен сөйтіп
Сабырды өз меншігіңе айналдырма, өзгелерге бәрібір, күйзелетін де, қиналатын да жалғыз сендей-ақ о не дегенің?

Досберген.О
қаска, құдай-ай, сендерге не болған осы? Тағы да Сабыр, аттап басудан қалдық қой, қит
етсе бар әңгіме  Сабырға келіп
тіреледі де жатады. Әй, оған да бір шамалы тыныштық берсендерші. Басқаны қойғанда, Айша апаны
сыйласандаршы. Қоштасып
кеткісі келіп отырған адамның аузын аштырмай қой-

дындарғой.

А
й ш а а п а . Жо-жоқ,
Досберген, айналайын, Сабырдың дұрыстығын
да, бұрыстығын да талдар жатпаймын, ал енді күні бойы
Сабырды ауыздарыңнан тастамай, кайта-қайта
еске алғаңдарыңның өзі сендердің оны қимайтындарыңа дәлел. Дегенмен ол әлі бізбен бірге... (Орнынан тура беріп.)
Отыра беріндер, отыра беріндер,
жо-жоқ...

Б
ә р і. О не дегеніңіз?         

-        Бәріміз шығарып саламыз.

-        Онсыз бола ма?

-        Көп-көп
рахмет, Айша апа!..

А
й ш а а п а. Сау-саламат болындар, отыра беріндер, қозғалмаңдар, қозғалмаңдар, өзім, өзім жайымен төмен түсем... мен де жетісіп тұрған жоқпын. (Паузадан кейін.) Ана болып оның тағдырталанына таласып ешкімнің есігін
қақпаппын. (Пауза.) Мені, қарт коммунист есебінде жұрттың бәріне үлгі етіп президиумға отырғызады,
сөз сөйлеймін. Жо-жоқ, бүгіннен бастап маған
тыныш тірлік тұл,
сендерге де тілейтінім, берер ақылым
сол... Ал, сау болыңдар
енді. (Кетеді. Әйелдер оны шығарып
ашуға беттейді. Пауза.)

И
с а б е к . Айнала қарандаршы, қас қарайып келе жатқанда неткен ғажап. Түн
жамыла бастағанда тау құдіреті
өзгеше көрінеді.

М
ә м б е т. Не,
құдіре тдесең, құдірет.

Досберген
(стақан, коньяк әкеліп). Бері қарандар,
бауырларым. Турасын айтсам сендердін жаяу көкпарларыңның кесірінен күні бойы дұрыстап іше де алмадық. Кәне,
келівдер, әйелдер жоқта
баяғы солдаттарша әкесін танытып, бір-бір тартып жіберейік. Әй,
адам сияқты көніл көтерейікші. Осы таудың басына бекер түнеп қалып отырмыз ба? Әндетіп айқай-шумен әлемді басқа көтерейік.
(Досберген бутылка коньякты бөліп құяды.
Буяардыңу-шуына тау жаңғырығады.
Досберген жабайы адамның даусына салып мәз болады,
оған бәрі куледі.)

-        Кәне, күштерінді көрейін, тас лақтырып көріндерші. Міне, бастадым,
мен жасымда қой бақтым
ғой, сондағы ең жақсы көретін ермегім
осы болатын, ал кеттік.

И
с а б е к . Тас домалатқанда не тұр?
Ал, біз де кеттік, қайсымыз мықты екенбіз, көрейік. (Иосиф Татаевич пиджагын, галстугын
шешіп, екі білекті сыбанып кіріседі. Төменде тастар дыбысы.)

Ә
н у а р . Құдай-ау,
мыналар неғып жатыр? Мұнысы несі?

Г
ү л ж а н . Тас лақтырып,
күш сынасып жатыр. Өздеріне
жан кіре бастапты. Қаланың адамдары бой
жазғысы келеді де.

И
с а б е к (тасты лақтырып). Бәрібір маған жете алмадың,

Өсіпбай.
Шүкір, күш деген бар екен өзімізде.

Иосиф
Татаевич. Әй, жігіттер, мына әйелдер куә болсын, осал емеспіз ғой әлі, кәне
көрсетейік шамамызды.

М
ә м б е т. Былай, былай тұрындаршы жігіттер,
менін көз әйнегім осы жерге
түсті. (Жер сипсыап іздейді.) Түк көрмеймін, әлгі қай жерге түсті.

Иосиф
Татаевич. Шалғайға оралмай, әрі, әрі жаным.

Досберген.
Көрдің бе, мынау тауық көз
интеллигентті. Ал кеттім.

Ә
н у а р . Қойыңдар, байқаңдар,
тастың астында кейде жылан жатады.

Иосиф Татаевич.Жылан дейді,тапқан екенсің қорқатын
адамды. Ендеше жыланымен қоса,
мә, әне кетті, мә тағы да...

Г
ү л ж а н . Міне, азамат, менде көрейінші.

Досберген.
Ал, әйелдер кетті
жарысқа. Кәне, сендердіңде халдерінді байқайық. (Бұлар дамайда-шүйде тастарды аяқтырған болады.)

Ә
н у а р . Галстугың қайда қалған, Өсіпбай?

Иосиф
Татаевич . Қайда қалса, онда қалсын. Үйде екі жүзден асасы бар.

М
ә м б е т. Алмагүл, мені шатыр жаққа
апаршы, дәнеңе көрмеймін.
(Алмагүл Мәмбетті палаткаға
алып кетеді, басқасы тас лақтырумен
әуре.)

А
л м а г ү л . Көз
әйнегінді жоғалтып алғансың ба?

М
ә м б е т. Біреу басып кетіп сындырып алмаса, азанда тауып алам ғой.

А
л м а г ү л . Қолынды
бері әкел. (Мәмбетті тоқтатып.) Әне, анау
аспанға шапшып жатқан
жалынды көресің бе?

М
ә м б е т . Иә, көрдім, көрдім, о немене?

А
л м а г ү л . Пионерлердің костері. Сол жерде пионер лагері бар.

М
ә м б е т. А, солай екен ғой... тамаша, бұл өзі ғажап. Айнала тастай қараңғы, түнерген тау, алдында жалыны
жағаласа атып жатқан от
ойраны. Алма өзі...
біздің ғой пионер көздеріміз баяғыда...

А
л м а г ү л . Жалыны сәніп,
оты өшкені қашан...
Біздің дәстүріміз мынау.

М
ә м б е т . Осындайда бір ой түседі. Анау костердің айналасындағы балаларды
айтам-ау, алдарында не күтіп тұрғанымен ісі жоқ, әндетіп, улап-шулап билеп, мәз-мейрам
болып жүр. Ертең олардың ортасынан біздей адамдар шығуы мүмкін
ғой. Араларында сендей бір Алмагүлі болып, оны мен сияқты бір бейбақ жақсы көріп жер сипап қала беретін шығар. Кім біледі, Өсіпбай
мен Исабегі де болар. Өзінің Гүлжаны, мүмкін
Сабыры да өсіп келе ме,
әлде.

А
л м а г ү л . Сабыры болса тағдыры да басқа,
достары да сендердей емес, басқа
болса, бағы жанар да... (Пауза.)

М
ә м б е т. Өз бағым
саған өкпелемеймін. (Пауза.) Сабыр бар ғой,
осы күнге дейін менен қашады.
Соның бәрі кейде түсіме енеді. Сонда
мұздай терге түсіп оянам... Үрейден шошып ояиам... Иә, өтті, кетті,
оралмайды, шинель тозды, етік те қалды...
сол қазір есімде де жоқ.

А
л м а г ү л (күліп). Сенін шинель, етігіңмен жүргенін әлі көз алдымда. Оны сен анғармаған да шығарғаң. Институтты бітірген соң
бірінші мұғалімдер конференциясына бардым. Сен менің алдымда бір-екі қатар ілгері отырдың. Әлсін-әлсін маған қарап қоясың. Біреу сезіп қоя
мадеп қысылып отырдым... Сен
қараған

сайын
жүрегім жылып қоя
береді. Маған соңында
жұрттың бәрі екеуімізді андып
отырғандай көрінбесі бар ма.

М
ә м б е т . Ол күнді білем. Үзілістің кезінде сені іздеп тым болмаса бір стакан лимонад алып берейін
деп едім.

А
л м а г ү л . Соны неге істемедің?

М
ә м б е т . Батылым жетпеді, ұялдым. Жап-жас қыз, айнала қоршаған жас жігіттер, ал мен болсам...

А
л м а г ү л . Неге сонда сен келіп... құдайым-ау, стакан лимонад, небәрі бір
стакан лимонад.

М
ә м б е т. Әңгіме онда емес... сонан кейін сенің із-түзінді жоғалтып алдым. Көп жылдардан кейін Тянь-Шаньнан оралып келгенде
мектепте сені кездестірдім. Сөйтсем,
сөйтсем менің майдандас
досымның әйелі болып шықтын. Тағдыр, тағдырға талас жоқ.

А
л м а г ү л . Мен қазір
анау костер айналасындағы балаларға қызыға-қызыға
қараймын. Олар өз
арасында Мәмбеттің бар екенін, Алмагүлдің бар екенін сезбейді, біле қалса оларға да жеңіл емес. Мүмкін қуанар да. Жүр, шатырға
апарайын. (Екеуі кетеді, дауыс
естіледі.)

Досберген
даусы. Мен құз-жартастағы
жабайы адаммын, үңгірден басқа
мекенім жоқ.

Иосиф
Татаевич даусы. Жабайы адам болғанға не жетсін.
Бар бостандық
сонда, қолыңа түскен әйелді
арқалап үңгіріңе алып кете бересің...

Әнуардың даусы. Сенің үңгірің, үңгірің қайда деймін.

Исабектің
даусы.Жасасын,жабайы жартастын адамы, жасасын
бостандық!

Гүлжанның
даусы.Байқа,байқа,Исабек,есіріп жүріп жардан
құлап жоқ боларсың...

Сәуле
сеніп, қайтадан жарық болады. Ертеңгілік
шақ. Көктөбенің етегіндегі өзен бойы. Досберген, Мәмбет,
Иосиф Татаевич,

Исабек
жуынып жүр.

Иосиф
Татаевич (ренжіп). Былай болмайды, жігіттер, жасыратыны
жоқ, сендерге ренжіп қалдым.

И
с а б е к . Қайдағыны айтпашы, Өсіпбай. Таза ауада тамаша демалдық,
көніл көтердік, одан артык не керек.

Иосиф
Татаевич.Ол жағын қойшы,
ол өз алдына. Біз осы еркекпіз бе, жоқ па? Әйел жарықтықтың
тендігінен зорлығы басып бара ма, қалай? Айналып кетейін ата-бабам "қойнындағы қатыныңа сенбе, астындағы атыңа
сенбе" деп басынан өткен соң айтқан екен ғой. Кеше осынша еркек отырып,
әйелдердің алдында аузымызға келгенді
оттап масқара болдық, ертен қоңыраулатып ала
жөнелсе, сонда көрерсіндер қызықты.

И
с а б е к . Несін қоныр аулатады,
не айттық соңдай-ақ?

Иосиф Татаевич.Дегенмен мұндайда ауызға
сақ болу керек. Шүкір, кеше
біздің әйел болмады. Әйтпесе қолқамызды суырып қолымызға ұстатып кететін сол еді. Рахатқа
сонда бататын едіндер.

И
с а б е к . Өйтіп, құдайға күпір болма, Максуда байсалды адам.

Иосиф
Татаевич. Әрине, сендерге солай. Кісі қатыны қыздай
көрінетін әдеті емес пе. Оның тозағына
мен қуырылып жатырмын ғой.
Сондықтан бірдеңені білетін
шығармын.

Досберген.
Мұның енді тым асыра сілтеу, Өсіпбай.

Иосиф
Татаевич.Ойпырым-ай,сендер жетісіп жүрген шығарсындар.
Белгілі ғой, майданнан көзіміз қарауытып келді. Кездестік,
бәрі Қыз Жібек көрінді, үйлендік. Балалы-шағалы болдық. Қызмет дәреже және бар. Қит етсең, сіздің
моральдық жағыңыз деп бастайды. Қайда
барасын? Басқа елдерде от басы, ошақ қасына
ешкім көсеу жүгіртпейді. Үйленесің бе, үйлен, ажырасасың ба, ажырас. Тек өз
ісіңе мықты бол. Ал
бізде ше, ә десең мә деп,
жүген-құрығынды сыпырып алып қоя береді.

Досберген.
Не, жолдас директор,
ғылым докторы, көрген күнің
күн емес екен. Жағдайың тым нашарлап кетіпті.

Иосиф
Татаевич.Алдымен сен өзқамынды ойласайшы. Айдарыңнан жел есіп жүргендей о несі ей?

Досберген.
Жел өспегенде немене? Қарақұсымнан біреу құдық қазып жатыр ма?

Иосиф
Татасвич (есіне тусіп кетіп).Менікі әшейін жай әңгіме.

Досберген.Не
көңірсітіп отырсың. Өшінді менен алмақсың
ба, қай қылығым үшін?

Иосиф
Татаевич.Ғафу,ғафу,Досберген.Дұрыс айтасың,
әш алу емес, сендей достың
алдында күпті жүректің жүгін жеңілдету
ғой баяғы...

М
ә м б е т (айқайлап). Әй, жігіттер, міні, міні, әйнегімді таптым әйтеуір.

Иосиф
Татаевич. Қайырлы болсын. (Мәмбетті нұсқап.) Таңатпай жынымды келтірмесі бар ма
мынаның. Кезімізді ашар-ашпастан
"жігіттер, түсімде Сабырды көрдім"
деп, тағы сырнайлатып келеміз, тағы да майданда, тағы да өлең оқып
мәз боп жүр екенбіз дейді. Нельзя
же так. Кеше күні бойы бір-бірімізді шабақтап
бақтық. Ну любили, любим, ну что же из этого,
жолдастар, былай, бір шаманы білу
керек қой.

М
ә м б е т . Немене сонша? Бара-бара түс көруден
де қорқатын болғанымыз ба?

И
с а б е к . Сен осы мінезіңмен адамның қанын
ішесің.

М
ә м б е т . Бірақ түсімде шынымды айтып
қоям ба деп қорқатындар болады.

И
с а б е к . Бұл қай түспалың сонда?

М
ә м б е т . Тұспалым емес, әтген айтар
едім, бірақ дәйекті дәлелім
жоқ.

И
с а б е к . 0 жағына басынды қатырмай-ақ қой. Сол іздеген адамың ақыр түбінде өзің болып шығып
жүрме.

М
ә м б е т . Кім біледі, ол да ғажап емес, әйтеуір бір адам мойындау керек қой,
сол бір адам осы төртеуіміздің
біріміз.

Досберген.
Менің миыма кірмей-ақ қойды. Көшеден
бері жоқ жерден шатақ шығарып, факті жоқ, дәлел жоқ, айдалада
бір-бірімізден сезіктеніп
соншама арам тер болғаннан не пайда таптық осы?

Иосиф
Татаевич. Былай өзі,
жай ақылға салып көрейікші. Мен кеше тарихи кезең жайлы бекер айтқан жоқпын.
Өзіне тән қатесі болмайтын ол
қандай тарих?

М
ә м б е т . Сол тарихи кателіктің құрбаны өзің болсаң, бұл ойынды әмірі айтпас едің...

Иосиф
Татаевич.Менін білетінім...

М
ә м б е т (бөліп). Біздің тарихымыз өз қатесін өзі жөндеді. Әділдігі де, ұлылығы да осында жатыр. "Өмір мені өгей баласындай көреді" деуге Сабырдың ешқандай
правосы жоқ. Бәрі орнына келді.
Қай жағынан алсаң да осы
өзіміздей азамат.

Иосиф Татаевич.Дұрыс,меніңде айтып отырғаным сол ғой.
Оның өкпелеуіне ешқандай объективтік
себеп жоқ.

М
ә м б е т . Жалпы объективтік себептен басқа, жалқы субъективтік себеп дейтін бар
емес пе? Жеке басқа ол да жеңіл жүк емес.
Одан түскен жара асқына
келе қай жарға соқтырарын кім білсін.
Енді, міні, соған себепкер, күнәқар өзіміз екенін
анық біле тұра,
біреуіміздің мойындағымыз келмейді. Біздің өмірден алған

ұпайымыз
түгел, "ол болса ішіп кетті,
талант еді, ешті, боркемік, жігерсіз
екен, бәріне өзі кінәлі" деп шіренеміз. Сабырдын түбіне жеткен өзіміз, сөйтіп отырып оны
айыптаймыз. Бұған қаның қалай қайнамас.

И
с а б е к . Сен бар ғой, осы сен, или великий актер, немесе бар ғой... барып тұрған бейбақ сорлы адамсың.
(Пауза). Жан-күйенде ине шаншыр санлау жоқ түнек, нағыз қара жүректің өзі екенсің. Тек қана мектеп
оқытушысы, ақ көңіл, аңқау болып көрінгің келеді, ал шын мәнінде ішіңе кездік
айналмайтын қызғаншақ, болғанды көре алмай, бүкіл әлемге өтінді шашуға даяр тұрасың.
Сен ауру адамсың, саған емделу керек.

Досберген.Ал енді, осы жерде біреуің аузынды
ашсаң менен жақсылық күтпендер. Бүйткен Фудзиямасын қарғыс атсын, желкелеріңнен
ұстап тұрып, арттарыңнан бір-біртеуіп, қуып шығам. Немене, менің тұз-дәмімді тәркі
етіп,дастарханымды таптап кімді басынғыларың келеді? Қатыным байғұс дені сау
қонақ келеді деп бір жеті әбігерғе түсіп дайындалады, сендер болсандар келіп алып,
итше ырылдасасындар. Қайсыңның кім екенінде ісім жоқ, бәріңе түкіргенім бар,
немене сонша! Мен жай ғана агрономмын, өз ісіме өзім берікпін, жұрттың бәрі
солай болса екен деймін. Ау, былай адам дегенді сыйлау керек қой. Болмайды
екен, высокий материяларыңмен қоса тайып тұрыңдар бұл жерден.

М
ә м б е т . Сені ренжітейін деген жоқ едім, Досберген. Кешірерсің, ғафу
етенді... қойдым...

И
с а б е к . Досеке, сабаңа түс. Сенікі жөн.

Досберген
(сағатына қарап).Уақытта онша көп калған жоқ. Ұзамай машиналар да келеді. (Куліп.) Ұмытайықшы бәрін де, жігіттер. Өй, енесін... то есть онан да
былай адам сияқты уақыт өткізіп дегендей, алдын ала келісіп алайық. Осы сәттен бастап
Сабыр туралы сөз бітті. Онан да әйелдеріміздің көңілін аулап, ойнап-күліп отырайық. Тағы
да кенірдектесіп кетіп масқара болармыз.

Иосиф
Татаевич.Міні,сөздің тазасы.

Досберген.
Айнала тау, тамаша ауа, осының рахатын көріп
демалу керек қой.

И
с а б е к . Жексенбіде бұдан
артық не керек адамға?

Досберген.
Жүріндер, шатырды жинастырайық. (Сахнаныды.
Әйелдер тағам дайындап жатыр. Самауыр түтіні шалқиды.)

Г
ү л ж а н . Жан-жағынан жауапқа ала
бастағанда өздері
де қатты састы. Бізде аяған жоқпыз-аудеймін.
Байғұстар Айша апайдан жаман қысылды. Шынымен иттік жасаса, өздеріне де
сол керек.

А
л м а г ү л . Айналып келгенде, сол иттікті жасаған біреуіміздің байымыз-ау деймін...

Г
ү л ж а н . Дұрыс
айтасың, Алма.

Ә
н у а р . Ол да мүмкін. Әне, өздері де келе жатыр. Жарайды, енді демалыстарының шыркын бұзбайық. Ұзамай кетейік деп отырғанда, қайта-қайта керегі не?

М
ә м б е т . Уа, ханумдарға жалынды сәлем.

И
с а б е к . Көктөбедегі көрікті аруларға бас идік.

А
л м а г ү л . Ойпырым-ай, тан атпай тілдерінің тәттісін қарашы.

Ә
н у а р . Келіндер, келіндер, қалай
ұйықтадындар, жаураған жоқсыңдар
ма?

Досберген.
Біз тоңа қойған жоқпыз. Спальный мешок дегенің рахат. Өздерің калай?

Г
ү л ж а н . Шатырдың іші жуы болды. Ұйкы
жағына өкпеміз жоқ.

Иосиф
Татаевич. Әлгі неме еді, маса жағы ше? Мазаларыңды алған жоқ па? Сіздердің денелеріңіз деген
тым нәзік...

Г
ү л ж а н . Жо-жоқ, мұңдағы масалар сыпайы, мәдениетті болып шықты.

М
ә м б е т. Сіздерге, Гүлжан, біраз комплимент айтқымыз келіп еді.

Г
ү л ж а н . Масаларға байланысты ма, оларыңа рахмет.

М
ә м б е т . Аттап бастырмайсың-ау, осындайда Исабекке жаным ашиды. (Иосиф
Татаевич транзисторын бұрайды.)

Диктор
даусы. Шолпан планетасына ұшырылған автоматикалык станция адам баласына
табиғаттың талай құпияларын ашуға мүмкіндік береді... Бізге сыры жұмбақ планетанын...

Досберген.
Өшір әрі, космос дегеніңнің маған көк тиынға керегі
жоқ. Бәрібір мен оған
барып жер жыртып, егін екпеймін. Егін
шықпайтын планетаның кімге
пайдасы бар.

И
с а б е к . Космостың құпиясын
зерттеуден, Досберген, еңбек ақталады!

Досберген.
Ақтала ма, жоқ па, оны менен неге сұрамайды? Мен де құр алақан адам емеспін. Жоспар дегеніңізді жыл
сайын орындаймын. Бар өмірімді соған бағыштаған
адаммын. Демек менің, менің
де пікіріммен санасу керек. Тым болмаса сұрамай ма... керек кезінде жаңбыр жаудыр, артық болып баратса алып кет. Маған керек ғылым осы. Тамшыға зар болып, көк
атаулы күйіп бара жатқанда
жанынды қоярға жер таппайсың,
немесе нөсерден көз ашпай
егін тамыры шіріп жатқанда бүкіл дүниені, аспандағы құда-

йың мен қоса жібересің...

А
л м а г ү л . Ауа райын меңгеру үшін жер шарының төңірегіндегі құбылыстарды білу шарт. Сондықтан космосты
зерттеу қажет деген ұғымға кейін
өзіңде келесің.

И
с а б е к . Байкап отырмын,
Досберген, сенің
психологиян қолма-қол
саудагердің кәсібі. "Маған жанбыр бер, маған ананы бер, маған мынаны бер", бұл да сөз бе екен. Біздің қарапайым еңбек керлеріміздің ерлігі киындықтарды бірінен
соң бірін қирата жеңе отырып, қым-қиғаш,
қиын-қыстау жағдайда қиналмай
енбек

етуінде
жатыр.

Досберген.Ал
мен ондай Еңбек ері
болғым келмейді. Өз ісімнің
егесі, құдірет-құдайы
болсам жетті. Қиналуыңның да, қиындығыңның
да бетін көргім келмейді.

И
с а б е к . Өмір онсыз болмайды ғой.

Досберген.
Саған бәрі оңай болады да, маған неге болмайды.

И
с а б е к . Немене, сенің ойыңша жазушылардан ештеңе талап етпейді деймісің.
Мына сен сияқты шардан жағымды образ, заманымыздың толыққанды кейіпкерін жасап көр! Ең ар
жағы қарапайым қиындықты жеңетін еңбек ері болғың келмейтін сенен қандай
жағымды образ шығады?

М
ә м б е т. Соңда қалай, еңбек ері болу жұрттың бәріне мақсат па?

Иосиф
Татаевич. Әйтпесе адам жер үстінде неге өмір сүреді?

Ә
н у а р . Әрине, ерліктен асқан не мұрат
бар?

И
с а б е к . Әңгіме искусство жайлы болып отыр. Біздің тілмен айтқанда,
бүгінгі күн тақырыбына арналған шығармадағы типтік жағдайдағы типтік ситуация деп атаймыз.

М
ә м б е т. Типтік ситуация дегенің не сонда? Шығарманың ішінде не болу керек, не болмау керек
дегенді алдын ала біліп отыру ма? Ондайдың қай жері искусство?

Иосиф
Татаевич.Сенде бар ғой,Мәмбет,жұрт сияқты ұғыну,
түсіну деген жоқ, қит етсе байланыса кетесің. Немене, осы әдетінді бір жақсылық, ерекшелік деп
ойлаймысың? Жоқ, бауырым, қандай жағдайда болмасын тәртіп, тәртіп керек. Ойдың
өзін тәртіппен ойлаған жөн. Мені не десең, о
де, ерік өзіңе. Мен еш

уақытта
алған жолымнан адаспаймын. Ал сенің позицияң маған тым солқылдақ көрінеді. Міні, қазір
Исабек Дергеновтың кітабын сынап
отырсың, онда сенің нең бар?

Ә
н у а р (куйеуіне). Соншама білгір болсаң, өзің неге жазбайсың. О несі-ей,
маған.

Иосиф
Татаевич.Әңгіме онда емес,искусство дегеннің негізгі
мақсаты не? Әділдікке,
тазалыққа, шындыққа, табандылыққа, үлгілі мінезге, ерлікке тәрбиелеу. Мен өз
замандасымды қай
салада болмасын тек қана ерлік кейіпте көргім келеді. Міне, біздер кешегі соғыста бастан аяғына дейін болдық, осының өзі жастар
үшін еліктеуге үлгі емес пе?

М
ә м б е т. Бәрі дұрыс, құптаймын,
бас ием - искусств адамды биік парасат, өнегелі
өреге баулу керек. Бірақ, өнер
қайткенде сол мұратына жетеді.
Әрбір жазушының шешер жұмбағы сол. Жаңа сен көзінен тізіп айтқан қасиеттердің
бәрін бір сөзбен қорытқанда - адамгершілік, тек қана адамгершілік. Өнер
атаулының берер тәрбиесі де, ұсынар үлгісі де, көздеген мұраты да осы ғана. Ал
сенің менің бұл пікірімнен қандай солқылдақ позиция көріп отырғаныңды
түсінбеймін. Осыған
орай бір ақынның:

"Жарты
білім, жарты ақыл

Тас
жармайды, түбі басты жарады:

Менікі
жөн, сен тілінді тарта тұр

Деп
тарихтың жағасынан алады",
- дегені еске түседі.

И
с а б е к . Білеміз, білеміз, түсінікті. Өткен жылы Гвинеяда болғанымда...

Г
ү л ж а н . Исабек...

И
с а б е к . Өнерге деген менің өзімше көзқарасым бар мысалы.

Иосиф
Татаевич.Көзқарастың тым көбейе бергенінен өмірге де, өзіңеде пайда шамалы, жігіттер.

Досберген.
Міні, әділ сөз. Ұзаққа
бармай-ақ осы отырған өзімізді
алайық. Осы қарғыс атқан төбенің басына не іздеп
келдік деймін өзіме-өзім? Өткенді еске алып, бүгінге шүкірлік ету
ме? Әлде, қалай өмір кешу керек, тірлігіміздің мәні не деп, бас жоқ, көз
жоқ қызыл әңеш бола беру ме? Онда не тұр? Бізге бұл таластың керегі не деймін?
Адам адам болғалы іздеп келе жатқан шындықты осы төбенің басында отырып біз
ашпақпыз ба?

М
ә м б е т . Ау, біздер де адамбыз ғой, шындықты іздеу, іздену бізге де тән осалдық емес пе.

А
л м а г ү л . Фудзияманың басында тек ішіп-жегенге мәз болмай, өмір жайлы, өнер
жайлы біраз жерге бардық,
рахат. Демек, аңсау, армандау рухы
бізден әзір ұзамапты. Соған қарағанда әлі жаспыз-ау деймін.

Иосиф
Татаевич транзисторын бұрайды. Көңілді музыка үні шалқи
бастайды.

Досберген
(төменге қарап). Мына біреу қайдан келе жатыр. (Солай қарай беттеп, айқайлап.)
Әй, қайда, қайда барасың? Төменде машиналар келіп пе, байқамадың
ба? (Орман жұмысшысы шығады.)

Ж
ұ м ы с ш ы . Жаңа бір машина келді. Бұл жерде неғып жүрсіздер?

Досберген. Бұл қай сауал. Демалып жүрміз.

Ж
ұ м ы с ш ы . Қашаннан бері? Осында түнеп шықтыңыздар ма?

И
с а б е к (жаймен). Қайдан пайда болған тип...

Досберген.
Түнде де осында болдық.
Сенің, онда не шаруаң  бар
еді?

Ж
ұ м ы с ш ы . Сұрағаныма
қарағанда, шаруа болғаны
ғой!

Ә
н у а р . Қарай гөр өзін! Тауды қызғанып жүргеннің бірі болмасын?
Түрін жек сұрынның.

М
ә м б е т. Соншалық не
боп қалды? Өрт шыққан жоқ, тауыңыз орнында.

Иосиф
Татаевич.Әй,шырағым,инабатты адамдармен кездескенде
сәлем беруді де ұмытқансың
ба?

Ж
ұ м ы с ш ы . Сәлем беру неге ұмытылсын. Бірақ кейде оған мұрша
болмайтын да жай кездеседі екен.

Иосиф
Татаевич.Оне дегенің,кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білемісің өзің?

Ж
ұ м ы с ш ы . Білгенде
неғылам?

Досберген.
Әй, жігітім, бері қара,
бері, мұндағы қожайынмен.
Шаруаң болса менімен бітір. Мен совхоздың бас агрономымын, бұлар менің қонақтарым.

Ж
ұ м ы с ш ы . Сізді білемін ғой, бұл аймақта сізді танымайтын кім бар?

Досберген.
Сен неге менімен бұлай сөйлесесің,
қайдан жүрсің өзің?

Ж
ұ м ы с ш ы . Мен мына совхозданмын. Қайбір жетіскеннен келіп тұр дейсіз. Демалыс, қалаға барып қайтайын
деп шығып едім, осы тұстан өте
бергенімде төменде милиционер тоқтатты. "Мотоциклді былай қой, куә
боласың" деп қарап тұр. Сөйтсем, бір әйел өліп жатыр екен. (Бәрі "өліп жатыр, бандиттер шығар "

деседі.)
Жоқ, қайдағы бандит! Тас
тиіп өлген. Мына жарқабақта өтетін
жол бар ғой, соның үстінде. Басына тиіпті, қызыл ала қанға боялып жатыр.

И
с аб е к (үрейленип).Не дейді...Бірақ,біздің онда неміз бар... (Пауза.
Бәрі үнсіз ойланып қалған.)

Досберген.Не
шатып тұрсың өзің...
Адам сияқты ашып айтсайшы, қашан, қандай жағдайда өзі?

Ж
ұ м ы с ш ы . Ерігіп келді дейсіз бе?! Бәрі сіздерден!

Иосиф
Татаевич."Бәрі сіздерден"дегеніңе жол болсын? Не
айтып, не қойғанынды білемісің, жарқыным?

Досберген.
Тұра тұрындар. Әуелі анықтап алайықшы. Сен  өзіңнің
көрген-білгенінді жөндеп айтшы, жігітім. Сөз аяғын суға жіберме.

Ж
ұ м ы с ш ы . Мен не білуші ем? Қой
фермасындағы Ердей шың
кемпірі кеше совхоз орталығына кеткен екен, келеді деп түнімен күтпі отырса, таң ата кемпірдің өзі жоқ, аты бос келіпті. Шал
тұра іздейді. Келсе кемпірі мына етекте жол үстінде өліп жатыр. Өзіміздің учаскедегі милицияға хабарлап
шақыртқан. Есінен

танып
қалған шалды ауруханаға
алып кеткен. Төменнен
дауыстарыңызды есіткен соң сіздерге мені жіберді. Тергеушілер ауданнан  келмек.
Ұрыстыңыздар ма, қайдам,,әйтеуір
айқайласып жаттыңыздар.

Ә
н у а р . Осы керілдесудің түбі жақсылыққа соқпайтынын Өзімде біліп едім.

М
ә м б е т. Тоқтай тұршы, мынаны тындырайық.

И
с а б е к . Содан кейін.

Ж
ұ м ы с ш ы . Ар жағы белгілі, учаскелік милиционер қаладан тергеуші экспертиз
келгенше сіздерді орындарынан қозғалмасын, соны барып ескерт деді.

Пауза.
Ұзақ үнсіздік.

Иосиф
Татаевич.Бізге ондай бұйрық беруге қандай правосы бар? Біз мына Фудзияманың
басындамыз, келген
адам төменде, кездейсоқ ажалға тап болғаны да.

Ж
ұ м ы с ш ы . Фудзи-судзиіңізді мен білмеймін, сіздерге жеткіз дегенін айтып
тұрмын.

М
ә м б е т . Жарайды, солай-ақ болсын.
Участковой бізге неге ескертеді?
Мүмкін жар құлағаннан опат болған шығар?

Ж
ұ м ы с ш ы . Оған ұқсамайды.
Айналаға қарадық, овдайдың нышаны жоқ. Жол үстінде он
шақты тастар жатыр. Жұдырықтай-жұдырықтай кәдімгі жалан тастар. Сонын бірі тура
басына тисе керек.

М
ә м б е т . Осы жерден шамалап, өліктің қай
тұста жатқанын көрсете аласыз ба?

Ж
ұ м ы с ш ы . Шамасы осы тұс. (Бәрі де орындарынан тапжылмайды. Мәмбет кешегі таслақтырған жерге барады.) Міні, осыдан тұп-тура үстінен түседі.

М
ә м б е т (жайымен). Енді түсінікті...

Иосиф
Татаевич (жұлып
алғандай). Несі түсінікті? Жұрттың
атынан тұжырым айтуға қандай правоң бар.

М
ә м б е т. Мен ешқандай тұжырым айтып тұрған жоқпын. Тек өз ойым ғана...

Ж
ұ м ы с ш ы . Байқауымша бәріңіз де заң-законға жетік, саналы адамдарсыздар...
Уақытты бекер өткізіп қайтесіздер? Онан да
мен сіздердің аты-жөндеріңізді жазып учасковойға тапсырып, жолымнан қалмай кете берейін. Өздеріңіз
милиционерді осында күтіп
түсінісе жатарсыздар, (пауза, бәрі де унсіз, Иосиф Татаевичке.) осындағы ең
үлкен бастығы сіз болуыңыз керек, кәне өзіңізден бастайын. Кімсіз, қайдан, фамилияңыз?

Иосиф
Татаевич. Сұраққа
жауап беру былай тұрсын, жалпы
мен ештеңені білмеймін, білгім де келмейді.

Ж
ұ м ы с ш ы . Мен сізге
дәнеңе деген жоқпын ғой... Тек қана фамилияңызды
сұрап тұрмын - кімсіз
сонда?

Иосиф
Татаевич. Сізге мен айттым ғой деймін! Онан да басқаларынан сұраңыз.

Ж
ұ м ы с ш ы . Ерік өзіңізде...

И
с а б е к . Ресми тұрғыдан қарағанда тергеуге алуға сіздің ешқандай правоңыз жоқ. Жұрттан жауап алатындай сіз кімсіз өзіңіз?

Ж
ұ м ы с ш ы . Ау, жаңа
айттым ғой, Лесхоздың жұмыскерімін. Осы
тұстан өтіп бара жатқаңда милиционер ұстап, сіздерге жіберді...

Досберген.
Жарайды, болды... Сен, жігітім, төменге түсе бер.
Сұраған адамға өзіміз үшін өзіміз
жауап береміз. Кім екенімізді, мұнда
неғып жүргенімізді - бәрін айтамыз.

Ж
ұ м ы с ш ы . Өздеріңіз біліңіздер, маған бәрібір. Ал түр-түстеріңіз енді маған
таныс. (Кетеді.)

Досберген.Ал
енді қайтеміз. Ақылдасайық.

М
ә м б е т . Не ақылдасатыны
бар. Қалай болды, солай айтамыз.

Иосиф
Татаевич. "Солай айтамызың" не сенің? Жұрттан бұрын неғып белсенді
бола қалдың? Мұның ақыры неге соғарын білемісің? Қандай шырғалаң, қандай әңгімеге душар
болатынымызды ойласаңшы. (Пауза.) Осы қараң қалғыр Фудзиямаға қандай түлен
түртіп шығарды екен мені.

Досберген.
Болар іс болды, өзінді-өзің шабақтағаннан
пайда жоқ. Енді қайтеміз, сол жағын ойланайық, милиция келгенше бір амалын табайық.

Иосиф
Татаевич.Ендеше былай,ақылдыңда,айланың да керек жері осы, бәріміздің де қызмет
орнымыз, үй-жайымыз, балаларымыз
бар. Сондықтан бар жауапкершілікті біреуіміз ғана мойындап,
қалғанымызды аулақ ұстайық
даудан.

И
с а б е к . Немене, сен есіңнен адасқансың ба? Бұл не дегенің? "Үй-жайымыз,
балаларымыз бар", ал сонда баласы жоқ адамдар қайтпек керек?

Г
ү л ж а н (ызалы). Калай, қалай аузың барады! Ол өз басымның қасіреті! Неткен пысык жандар еді. (Жылайды.)

Алмагүл
(құшақтап жұбатып).Гүлжан,қойшы айналайын, солардың сөзі не? Өзі не? Құлақ аспа. Сондай да сөз бола ма екен...

(Күйеуіне.)
Әй, Досберген, сен неғып мелшиіп қалдың, үй иесі емессің
бе, бірдеңе десейші.

Досберген.
Неғыл дейсің, үй иесі болғанымнан не пайда...

Менің
ойымша өзім былай... қарсы
болмайсындар ғой. Біз тас лақтырғанымызда
арамызда әйелдер болған жоқ.

Ә
н у а р . Одан не шығады?

Досберген.
Қайдан білейін.

Г
ү л ж а н . Не деген масқара!
Не деген сұмдық!

ИосифТатаевич.
Былай ендеше. Менің жасаған қателігім осы таудың басына шыққандығымда болып тұр. Бірақ, мынау істі шиеленістіргім де келмейді. Бұл окиғадан ізімді аулақ ұстау үшін аудандық милицияға жауап беріп әуре
болмаймын. Министрмен келісіп
алмай бірде-бір адамға жауап бермеймін. Сендерге беретін уәдем, аялдамай, бірден қалаға тартып
кетем де, бәріміздің жағдайымызды жеңілдетуге кірісем.

И
с а б е к . Туу,
әбден миым ашып кеткен бе.(Сағатына қарап.) Енді
қайтсем екен, екі сағаттан кейін аэропорттан шет елден келетін қонақтарды қарсы
алуым керек екен-ау.

Ә
н у а р . Ойбай-ау, менің бүгін дежурством бар екен ғой. Аурухананың жайы
белгілі, орнында болмасаң тағы пәле. Мен де кетуім
керек...

Г
ү л ж а н (басын шайқап, сыбырлап). Не деген
сұмдық! Не деген сұмдық! Біздің
кесірімізден төменде бір әйел өліп жатыр, ешқайсысыңның онымен істерің жоқ, ешқайсың мойындағыларың келмейді. Тым
болмаса барып тізе бүгіп кешірім сұрауға парасаттарың жетпейді! Өлетін адам
өлді. Сендер болсандар суға батып бара жатқан кеменін көртышқанындай бет-беттеріңе
қашасындар! О, жаратқан, не боп кеткен!
Неткен су жүрек, сұмпайы, ұсақ жандар!

И
с а б е к . Тоқтат енді, өшір үнінді! Сенің сарнауынды тыңдайтын уақыт жоқ. Ал мен кеттім, өзің біл, жүретін
болсаң, жинал жылдам.

Иосиф
Татаевич. Тише, үрей, үрейден аулақ. Тағы да айтарым:
мен қалаға жетісімен жағдайды жеңілдетудің қамына кірісем.
Кеттік Исабек, машина төменде күтіп тұр.

И
с а б е к . Гүлжан қимылдасайшы енді тезірек.

Г
ү л ж а н . О, сұм
тағдыр, енді қайттім,
сақтаған сыбағаңның түрі
осы ма еді? (Иосиф Татаевич, Исабек, Әнуар, Гүлжан төмен түсе береді.)

Досберген.
Бітті. Кеттім! (Солардың
ізін шекетеді.)

А
л м а г ү л . Досберген, сен қайда барасың?

Досберген.
Меніңде, меніңде тығыз шаруам бар. (Жүгіре басып кетеді.)

Пауза.

А
л м а г ү л . Міні,Фудзияманың басында жалғыз біз қалдық... Сабырды сенің сатпағаныңа
әлде қашан көзім жетіп -..(Пауза.) Бүгін қарашы, мұндайда ауыр күн болады
екен-ау...

М ә м б е т. Мүмкін мұндай күнсіз
өмірдіңде мән-мазмұны тым арзан шығар...

Досберген
көрінеді.

А
л м а г ү л . Досберген келе жатыр. Шүкір, бұл да Сабырдан аман екен ғой. Жаратқан, адастыра
көрме...

Шымылдық