ВЕРНУТЬСЯ

Жолдар, жолдар - сондай шыны
Жол өрмегі
- жер-дала.
Танымайтын
жолаушыны
«Құдай
қонақ» дер дала.
Қонақтікі өр төбесі,
Түстенсе де, қонса да.
Биік оның мәртебесі.
Қайдан, қандай болса да.
Жандығын да, жалғыз демей.
Дала соған
соятып.
Ол жоқ болса байғұс кедей
Қара суын қоятын оятып.
Жарты құшақ
шөбі қалса,
Ол - жолаушы атына.
Жалғыз шелек суы қалса.
О да соның
кағына.
Тек сонан соң парызындай.
Қонақ жонін сұрар түз.
Жоқпын демей арыз қылмай
Бармен бай
боп тұрар түз.
Қонақ кетер, қадесіне
Ән-әңгіме қылдырып.
Сол сақталар
дала есінде.
Секілді әсем жаңғырық.
Дала дәмін - жол ғой Дала
Тегін
татып жатты адам.
Дала біздің
жоғында да
Сатылмаған,
сатнаған.
Енді келсін құдай
қонақ!
Дала - дүние
несібі.
Дала жаны құдайдан ақ,
Бекітусіз есігі .
Дала - қазақ бесігі.
Дала - қазақ есімі.
Қалтарысы жоқ оның
Көрініп тұр
Даланың
Көкжиектен бері ісі.
Көңіліндей
баланың
Бұл бір бөлек белгісі.
Көлеңкесі
жоқ оның.
Көз алдыңда міні де;
Кең өлкесі жол-жөні.
Өз ішінде түні де.
Ботақанның
көзіндей
Көлдері де
бетінде.
От аршыдың өзіндей
Шөлдері де бетінде.
Шырайындай арудың
Қызылы да бетінде.
Райындай пар ұлдың
Қызуы да бетінде.
Тұяқтардың ініндей
Жыртығы да бетінде.
Тулақтардың жүзіндей
Тыртығы да бетінде.
Бойы биік
заманның
Қызығы да
бетінде.
Ойы биік қаламның
Сызығы да
бетінде.
Бергенің
де бетінде,
Алғаның да
бетінде.
Тергенің де бетінде.
Арманың да
бетінде.
Қалтарысы
жоқ оның
Нұр-жарықтан тұрғандай.
Жалтарысы жоқ
оның
Туралықтан
туғандай.
Сүйем осы
Даланы
Сыйлы атындай
халқымның.
Бауырында - бал әні.
Аспанында -
атып күн.
1970