ВЕРНУТЬСЯ

Бағында
бал гүлі нұр, бұлбұлы жыр,
Болсаң сен
Алматының тұрғыны бір,
Күміспен апталғандай
аппақ әже
Көзіңе түскен шығар
бір күні бір.
Дұрысы,
күмістей дер шашып адам,
Ақ жүзі
әлдеқайда ашық одан.
Күмісте салқын сәуле
дірілдесе,
Анадан айнала күн шашыраған.
Келісті кербез, маңғаз келбеті де,
Туғалы
тимегендей жел бетіне.
Ернінде «мың
шүкірі» елпілдеген,
Желкендей
мархабаты жер бетіне.
Тоқшылық тояттаған
тұлғасы да
Жарасып тұр
жасамыс бұл жасына.
Үңіліп шыққандай
кітапқа бір,
Отырар
жазда бақтагүл басында.
Бос салып
ақ басына ақ шәлісін,
Саялар сая самал бақ тал
ішін.
Жанында екі-үш балғын немересі,
Әженің жаралғандай
мақтаны үшін.
Кей күні келіні мен ұл қасында,
Көшенің келе жатар бір басында.
Не таны, не таныма - лажың жоқ
Иіліп сәлем беріп
тұрмасыңа.
Мамырлап жаныңнан
сәл өткенде ана,
Болсаң да неткен әкім, неткен дана,
Қаласың
өзіңді бір бала сезіп
Өз қолы өз аузына жеткен жаңа.
Апыр - ай, қастерлесе күллі халық,
Қарттық та кетеді екен сұлуланып!
Қош көңіл
көне реңді жасартқандай,
Жылдардың көлеңкесін жұлып алып.
Бір емес, мұны
оқушым, жүз ұғарсың.
Қадірмен қарттыққа да қызығарсың.
Сол үшін сол әжені жырға қостым,
Өшпестей
оның да бір ізі қалсын.
Бірінші бөлім
Сол бір жылы
Жарқ еткен жаңа ғасырдың
Қаралы қырсық жылы еді.
Зіл қысты қырдан асырды
Аз ауыл - жарлы Құл елі.
Оның да балпаң байы бар,
Өзгеше қорқау сүлігі.
Оның да шолақ
сайы бар,
Өзінше сойқан бүлігі.
Сүлігі әлі құсқан
жоқ
Қара қан, өттей
запыран.
Сайы да дәлдір, ұстам
жоқ
Шулаған
аласапыран.
Халқына Кәрі Шегеннің
Бірі әлек,
бірі жұт еді,
Жатақтар сүлік- шеменнің
Жарылар күнін
күтелі.
Күтеді деу де құр
долбар
Күбірі кеп те, дүбірі аз.
Дағдарын тынып
жүр құлдар
Бірі мәз,
жүзі дурдараз.
Дүрдараз, араз жүз бен бір
Жабас бай менен
жатақтар.
Пәтуа
жібін үзген бір
Арада дау
бар, шатақ бар.
Бітіспей, не бір бүлінбей
Бұл шатақ кептен лықсыған.
Жүз жылғы
ауыл күліндей
Жанбай да өшпей бықсыған.
Сөйтсе де
соңғы жылдары
Жүр еді Жабас дені арып.
Ажалдай көрген құлдарды,
Ауызын басып дем алып.
Сол Жабас январь біткелі,
Келді деп қайта жаз қайран,
Жатыңқы жалын тіктеді,
Жүретін
болды мәз - майрам.
Алпамса ауыр сүйегі
Ауылды басып
қанғандай.
Түгімен жұтса
түйені,
Түйілмей, тағы
салғандай.
Күмпиген қарны іркілдеп,
Байекең сақ - сақ
күледі.
Күлкінің сырын
біртіндеп
Түсінді, түйді Құл
елі.
Құлдардай кедей
табының
Ленин деген көсемі
Сорына жалшы -
жабының
Дүние саған деседі.
Жарлышы жаңа өкімет
Құлауға таяу тұр
дейді.
Қайырса жесір -
жетімек,
Қуанып байлар жүр дейді.
«Қарадан туып хан болмас».
«Надандар жазған заң болмас
«Тырнақсыз, тіссіз аң болмас
«Кісіге
жалшы сан болмас».
Табалап тайпы ауылды,
Жабастың айтар сөзі
бұл.
Шақырар қара дауылды
Секілді құдай
өзі бір.
Құлдар ше?
Құлдар жуасып
Адымын санап жүр басып,
Сөйлесер
жан аз сыр ашып,
Көрер ме еді сынасып...
Тағдырға олар наразы
Маңдайға Ленин сыймады.
Сенбей де қойды біразы,
Өлімге оны қимады.
Естіген құлдар
оны бір
Ажалсыз асыл кісі деп,
Жарлымен мәңгі жолы бір,
Қуғаны халық ісі деп.
«Құлға да
жегжат, жұрағат»
Деген де тіпті сыбыс қой.
Өзінше
әркім туралап,
Өзіне тартпақ
туыс деп.
Өлді деп
енді сол кісі
Жар салды Жабас - құл басы
Шорланып
шүйде желкесі,
Қырсықтай басып тұлғасы.
Күткендей соған бір асыл,
Кеткендей бірі Мекеге,
Түнере
қарап жүр құлдар
Шалқар жақ жолға,
Текеге.
Қырқадан құлап
ол жақтан
Базаршы жолы келеді.
Осы ауыл сол бір жол жақтан
Құт хабар
тосқан ел еді.
Жолаушы ұзақ күттірді,
Тұйыққа
жолы тіреліп.
Қырқада дәйім
бұлт тұрды,
Тұманы торлап түнеріп.
Сол бетте,
төбе басында
Төрт құлақ кірпіш мола бар.
Мүжілген құлпы тасында
Жазу жоқ жылын шамалар.
Жатақтар оны өздері
Барақат мола деседі.
Кім білсін қайсы кездегі,
Кім білсін, кімнің несі еді.
Жабасша осы зират
та,
Үстінен қараң
құлдардың,
Үстем тұр
таудай қыратта,
Белгісі - сынды
жылдардың.
Көк соқта, теңбіл шалантай,
Мастанып қардың суына
Семіріп жатыр буына.
Семірді демей не дерсің,
Шешітпей өткел бермесе?
Кепелсіп мейлі, кепелсін,
Теңіздей
толсын мен десе!
Әттең -
ай, суын сақтамай,
Қаталап,
қурап тақтадай,
Жатады-ау жанып
жер-танап.
Таңдайға тілі жабысып,
Пішенші жүрер далада.
Қарлығып,
жаны қарысым
Талмаусыр қойшы бала да.
Қой сауса, сауған
сүті де
Қазанда қаймақ
шыққандай,
Піскендей
бейне үрнеде,
Болады-ау күкірт жұтқандай.
Әйтсе де
сәуір, заузада
Ғажайып жері Шегеннің.
Олжа да шөбі, қалжа да.
Нақ өзі
шүйгін дегеннің.
Көк майса,
бұйра балауса
Көзді
арбап қыздай түз бойдақ,
Алауша, қызыл жалауша
Жайнайды жалқын қызғалдақ.
Секілді шотыр жер безі
Молшы қырқа болмаса,
Дариға-ай,
дала кербезі
Осы жер жазық жол-жоса.
Қыр бетте бойшаң бидайық.
Ой бетте жасыл шырмауық,
Толқытып тербеп жел-қайық.
Теңізге ұқсар
бір ауық.
Керімі - қызыл өзені
Өрісті алған
бір бөлек.
Бәйшешек басып езейді,
Көгінде көлкіп көбелек.
Ұрттамы шөлге дарудай
Шыңырау Шеген құдығы,
Оған да қожа кәрі бай,
Күзегіс
қамшы, құрығы.
Күндерді судай саңырып,
Құт маусым
зулап өтеді.
Өз атын өзі шақырып
Қалады
күзге көмегі.
Ұшады малтым ол көкте,
Жерде де заржақ,
аялсыз.
Кедей күл ұқсас көкекке,
Күшіген-сынды
бай арсыз.
Арсыздық
емей немене
Бір мендік
бүкіл жер десе,
Аспаннан айран келе ме,
Малыңа өріс бермесе?
Жабас бай
осы көктемде
Шығарды
қайта шатақты:
Салауат айтып өткенге,
Қалдырмақ
жерсіз жатақты.
Жориды құлдар
осыдан:
Айрылған
халық досынан.
Түзелсе байдың
шоқтығы,
Қайран Ленин жоқтығы...
Ол барда залым Жабас бай
Түскенді мықтап
сабаға.
Жүретін жерге таласпай,
«Бастан,- деп
құлақ салады».
Сол үшін құлдар ызалы,
Сол үшін
олар азалы.
Бір суып, бірде қызады.
Алда ғой,
бірақ, жаз әлі.
Әзірге аласапыран
Шолақ сай дәлдір, ұстам жоқ.
Қара қап, сары запыран
Сүлік бай елі
құсқан жоқ.
Өңменен өтер өкпек жел.
Шулайды қамыс сызылып.
Жайылып
жатыр шөптен төл.
Құлаған құдық, апанның
Қары да кетіп болмаған.
Дәу шегір көзі аспанның
Күшіне сірә
толмаған.
Осындай күннің
бірінде
Қыр бетке киіз үй
қонған.
Жүдеулік басым
түрінде,
Мал-жаны ада күй-
қоңнан.
Тәй тұрды сол үй
қалқиып,
Кезіктен тұрған
кісідей.
Қайтеді кетсе қар
құйын,
Қалады кімі үсімей?
Сықырлап уық, шаңырақ
Төрт қанат
қана құрым үй,
Айнала мұз
жел аңырап,
Мүйізден өтіп жүр ылғи.
Делдиіп
таңқы танаудай,
Түндігі тынбай желпілдеп,
Бүріскен жарлы-жадаудай
Бүкіл үй тұрды
селкілдеп.
Жан-жақтан
басып оны егер
Қызықтап таңын
қоймаса,
Қаңбақтай қағып жөнелер
Тентек желі шындап ойнаса.
Бұл үйді
тіккен бір әйел,
Көгерген өзі
шаңырағын.
Бір қолы он боп жүрді әйел,
Әр істің
қағып шаңдағын.
Жапалап-жалғыз
леу қиып
Жәрдемші екі қыз бала.
Шанттарын
жұлын беу құйын.
Табаннан алған сыз дала.
Ұл бала жүрді және
бір,
Аяққа жылап, оралып.
Ат-заты жұмбақ
көне, кір
Шоқпытқа
шомып оранып.
Солайша сол үй тілді
Шегеннің
Теке бетінде.
Бүкшиді кейде, бүгілді,
Жарбиып желдің
ебіне.
Өзге ел тегіс қыстауда,
Бойында жанақ ылдидың.
Арқасын жылы ұстауда,
Суытпай бабын күл-қидың.
Қырық-елу
үй ауылдың
Ат шаптырым
ұзыны.
Өзінде
сыры әр үйдің,
Өзінде даң-дұң ызыңы.
Осылай, осы жағдайда
Зіл қыстан
шықты Құл елі.
Құрым үй
қонды шапайға,
Ол мұңды,
Жабас күледі.
Күлкісі оның лақылдап
Төгіліп жатқан у сынды.
Құрым үй тістей шақырлап,
Тістепді
жазды қусырды.
Кешкі қонақ тыңдайды
Өкпек жел емес
шалқыған,
Сыпайы самал еседі.
Көк иіс көктем аңқыған
Момақан
қоңыр кеш еді.
Кешіп ауыт
азап қазаны.
Басылған, тыңтап жырымдан.
Бастаған қына жазуы.
Аспанда торғай шырылдап.
Көп иті
байдың бекінді,
Жабыла сүйек, қан
аңсап,
Бәйбіше-тоқал
секілді,
Бажылдақ,
бақас, жарамсақ.
Осы үйден басқа құлдардың
Оты да сөне
бастады.
Бір жұбы ғашық мұңдардың
Сырларын түнге
тастады.
Шертісті не сыр әспеттеп,
Ұрланды кімнен, қызғанды
Қаулаған
жасыл жас шөпте
Жаншылып жаңа із қалды...
Білгені түздің-мың жылғы
Адамның
арман-мұң жыры.
Ғажайып нендей түн жылы,
Түйығы, ең
бір тұнжыры.
Құрым үй
әлі ұйқысыз
Кештетіп келген қонағы.
Үй іші жүдеу, сиықсыз
Дүниенің
шіркін шолағы.
Қайдан да
бітсін жесірге
Жегілген қырсық- кесірге
«Бозшолақ
атты боқ дүние!»
Көктемде
тоңып, қыста арып,
Титықтан о
да болдырды.
Күрмеуге
келмес кысқа жіп,
Осы үйді отаны қондырды.
Жиналған ескі- құсқылар
Кебеже оң
жақ қанатта.
Киізден біраз лыпсы бар,
Сірә сол ең зор санатта.
Төсеулі
осы киіздің
Жамылып шетін іргеде,
Үрпиіп тобы ұл - қыздың
Тыңдайды бәрі бірге не?
О пәле,
қандай ғажайып,
Шындық бір
сұмдық ертегі.
Тыңдайық біз де, жазайық,
Шындықты Айша шертеді.
Шертеді, ұзақ
шертеді
Бейсеует кешкі қонаққа.
Өзекті сөзі өртеді,
Өкпелі дүние шолаққа.
Қонақ та көзін алмайды,
Айшада назар, құлағы.
Үзілген сөзді жалғайды,
Әңгіме - дүкен бұлағы.
Аш жылы біздер сонымен
Ас іздеп Шалқар Қыстадық.
Аушы орыс, қазақ тобымен
Үлес боп балық ұстадық.
«Ұстадық»
деу де желбуаз.
Өлмеші күні бір қызық,
Сенім жоқ
екен кенеуі аз
Шабақта тұрса
ырызық.
Әйтсе де,
шүкір, сорпалап
Қорек қып
жүр ек ұрығын.
Беруге құдай шорқақ- ақ,
Салуға
шебер құрығын.
Оба ма, нендей, бір індет
Жайратып елді жатқан-
ды.
Бізге де жетті біріндеп.
Бір түнде Молдаш «аттанды».
Аушы жоқ қорқып
бөлінген,
Солармен ғана
жерледім.
Өзге жұрт
қашты өлімнен,
Жетісін, қырқын бермедім.
Беретін оны хал қайда,
Отырмыз қалт -
құлт, қалжырап.
Шоңқиып қалдық шалғайда,
Шырылдап, шулап, қан жылап.
«Естерің барда, елді тап,»-
Деп өлген Молдаш, міне, сыр...
Шаңырағын, орнын келдік ап
Төрт бала жетім, мен жесір.
Сүлдеміз сүйек, құр сіңір.
Таңдайға тартқан
сұр сиыр.
Бес ауыз баққан төрт емшек
Тәулікке зорға бір иір.
Төртке төрт нағыз дөп екен,
Теңеген жөн
деп құлымды,
«Есіркеп» алды құдекең
Ержетіп
қалған ұлымды.
Көз керек еді көруге,
Зерек те еді сол бала.
О да айтты ойын өлерде:
«Тауып ең неге, сорлы ана...»
Өксумен өтсе - қайғы сол
Өмірді қалай сөкпесін.
Жүргенде байда байгұс ол
Ұстапты
суық өкпесін.
Өзім де Жабас күңімін
Сыпырғыш,
кетпен- шоты мен,
Шығамын қоқсық күлімен,
Кіремін бықсық
отымен.
Сиырымның қыстық шөбі үшін,
Беремін жылда баспағын.
Қасіреттің
уын көп іштім,
Өзім де шамшыл қасқамын...
Іш кепті боқтау-
қарғысқа,
Жауыр да болды иінім.
Алатын ақым әр
қыста
Бұрышы бұзау үйінің.
Жуырда, қара суықта
Содан да қуды Жабас бай.
Жақпадым кәрі қуыққа,
Жараспай, жақын жанаспай.
Құрысын
күні жесірдің
Жас қалып,
жетім бала артқан.
Жабастай азбан есірген
Көз сүзіп, көзін алартқан.
Олар ма оны адам дер,
Саудаға
салып кемітпек.
Біреу бай, біреу әмеңгер,
«Менікі» дейді меншіктеп.
Алмақшы еді мені де
Не бүтін
не бір жіліктен.
Қоспақ та
болды «теңіме»
Шіріген шамды «жігіт» деп.
Беттетпей бақтым, сақ тұрдым,
«Көкайыл»
болдым, «күтірмін».
Құранын
салса - лақтырдым,
("ақилып
салса - түкірлім.
Тартылмай
қойды тілім де,
Таяқ та жедім сол үшін.
Жүргенше қор боп тірімде,
Өлейін дедім сор үшін.
Солайша жатыр күн өтіп,
Жауыздық тірі, бай тірі.
Солайша жүрмін күнелтіп,
Күдерін үзді қай бірі.
Қаймықса бірі өзімнен,
Балардан бірі қашады.
Көресің енді көзіңмен,
Сан сырын Шеген ашады.
Жарылқар жарлы байғұсты
Өкімет келді деп
еді.
Ол қайда, әлі бай күшті,
Болып тұр соның
дегені...
Осындай, Ораз, күй деген,
Осындай, құрдас,
Шегенің.
Қан қатып тас боп иленген,
Қозғадың
іштің шеменін.
Өлгелі Молдаш, мен жөнді
Сыр Шерткен жоқ ем мұншалық.
Әлдилеп қана кенжемді,
Күңіренем кейде
мұң шалып.
Сезгендей тұрмыс ызбарын.
Тыңдайды, өксіп
ол біріс.
Қалиса, Шекер - қыздарым,
Бірі он үш, бірі он бірде.
Енді үміт осылар,
Деп Айша көзбен ымдайды.
Кеш келген
қонақ досы бар
Кұрым үй үнсіз тынлайлы.
Тыңдайды екі
қыз бана.
Ұл бала қайдан ұйықтап.
Қамсау ғып жатыр сызға о да,
Киіздің шетін
түйықтап.
Әрбеңдеп
сығыр май шамның
Жылылық
қаққан жарығы,
Түрлентіп өңін Айшаның
Суретке не бір жарыды.
Ақ сары ашаң бет -
жүзі
Бозарып,
бірде сұрланып,
Біресе көркін
жеткізді
Албырай түскен нұрланып.
Біресе қоңыр тартады,
Көлеңке
түссе, шам ұйтқып.
Тұратын
кезі бар тағы
Дауылды түздей шаңытқып.
Ортада, жерде, осында
Қи - тезек оты жанады.
Үш бұны
темір мосыда
Мыс шәйнек
буырқанады.
Көзі бұл түнгі жылудың,
Әйтпесе
түрі шамалы - ақ.
Ақ шалап шәйі
бұл үйдің
Ішіліп болған
балана -
ақ.
Қырынан жүзін жасырып.
Тізесін ұстап Айша отыр.
Түндіктен тіп - тік асылып.
Бір қарап өтті ай соқыр.
Әсерге әркім
бойласты,
Әңгіме бір сол
тоқыран.
Үй ішіп ауыр ой басты
Секілді әлі топырақ.
«Кім қашан бізге
қараспақ?»
Деп Айша жаңа тоқтаған.
Шалғыша мұртын тараштап
Қонақтың көзі
отқа ауған.
Мыс сәуле түскен пішіні
Қоладан соққан мүсіндей,
Тебірентіп
осы кісіні
Минуттар өтті
түсіндей,
Жарқ етті кенет әріден
Қыз Айша, ағыбырт
ақ Айша,
Әуелен асқақ әнімен,
Нақ айша, жарқын дақ Айша.
Бастайтын ойын -
тойды өзі,
Айлы түн «алтыбақанды».
Ұшқындап отты қой көзі,
Ақжелең, салқам атанды.
Күйінбей жүрді кім іштей
Соға алмай қырдың түлкісін,
Шашуға
шашқан күмістей
Кететін төгіп
күлкісін.
Өткізді азат аз дәурен
Кедейдің ерке
кенжесі.
Аулақ жұрт әке мәз деуден,
Табылды деуден
теңдесі.
Бай ұлы небір көк алмас
Тұрғанда тосып өмірін,
Аузынан қойдың шөп
алмас
Жарлыға
берді көңілін.
Тағы бір
елес шақырды
Келіншек Айша, ақ Айша,
Атанған
«алғыр, ақылды,
Молдашпын
ырыс-балы Айша.
Алдына Молдаш шықпады.
Жақсы ұқты
жанып жарының.
Өзгеден Айша ықпады,
Тұтпады
заңын кәрінің.
Сол Айша міне мұң
шерткен
Күлкісіз, сөлсіз,
сұсты адам.
Жүзіне ерте түнерткен
Мезгілсіз сұр
бұлт қыстаған.
Мезгілсіз апат болғандай
Әсем ән, жастық, ор талан,
Мезгілсіз өмір
солғандай
Отызды ғана
ортанап.
Ой жібін қонақ бір түйіп,
Аударды көзін
іргеге.
Екі қыз отыр
монтиып,
Сүйкімді-ақ көрер
түрге де.
Кішісі, Шекер дегені
Ақ сары, пісте қыр мұрын.
Айшадан аумай келеді,
Сол дер ең біраз жыл бұрын.
Карайды аң- таң балғын жас.
Сипаты өзге
бар бір - ақ
Тұтанған күндей алтын шаш
Мойнына
түскен жалбырап.
Қалиса мүле өзгерек
Қоңырқай, күйрек сезімге.
Жас тұрды
шықтай дөңгелеп
Қап- қара
бота көзінде.
Айша да шолып үлгірді
Ораздың өткен-
кеткенін.
Молдашпен жаста
бір жүрді,
Жабастың жауып кетпенін.
«Ә» десе,
«мә» деп ол, бірақ,
Арынсыз қамыт кимеді.
Жүрмеді жөнсіз балбырап,
Байға да басын имеді.
Ақыры жалғыз сайғақтай
Текеге тартып отырды.
Жабусыз қотыр тайлақтай,
Көжедей бөртіп шотыры.
Жыл өтті
жылды өңгеріп.
Өзгерген Ораз ғажайып.
Қара сұр
жүзі өңденіп,
Шотыры семген, азайып.
Самайда ғана
ұзынша
Бір тыртық пайда болыпты.
«Ұр да жық - біреу
ұрынса»,
Кім білсін, неге жолықты.
Жаутаң көз
жетім баладан
Өсіпті
жігіт ағасы.
Адам боп қайтқан қападан,
Шырыштай бүтін жағасы.
Шаш қойып, сылап қайырған,
Әскери киім,
жарасты- ақ.
Мұртынан
қолын айырмай,
Тағы да
отыр тараштап.
Келгелі, ұзақ кеш бойы
Орнынан
сірә, тұрмады.
Теңізді,
бәлки, кешті ойы.
Толқында құлаш ұрғалы.
Ұшқалақ, сыңғақ
мінезін
Қойған ба
алыс жасырып,
Тұтады тұйық бұл өзін,
Айтқан жоқ сырын ашылып.
«Орысқа басы шоқынған,
Шошқа жеп,
теріс оқыған...»
Деген де
талай сөз болды.
Сол Ораз міне кез болды.
Сезігі шалып қалғандай
Болмашы осы күдікті,
Өз жайын еске салғандай
Айшаның ойын бұ да ұқты.
Қойған жоқ
және құр ұғып,
Атыпты сырдың тиегін.
Бұл кезде
қыздар бұйығып,
Ұйқыға артқан иегін.
Күмбірлеп қоңыр дауысы
Көнбейді күбір -
сыбырға.
Ортадан түн де ауысты,
Жалп етті май шам -
сығырда.
Ендігі сәуле қи шоғы
Қып- қызыл піскен темірдей.
Сый жоғы, өзге
күй жоғы
Жейді Айшаны жебірдей.
Ақ үйдегі қара ойлар
Шаңқай түс
шілде жанып тұр.
Оңғандай
аспан ақ жалтыр.
Шолақ сай құрам қалыпты.
Түн болып кетпей шақ жатыр.
Сүлік ше?
Сүлік тырсиып.
Әзірге жерді жүр басып.
Аузына ауыл тұр сыйып,
Аранын ашса бұл
пасық.
Соныкі, сонып ұрпағы
Аулаққа
қошап атты алау.
Алыстан алабұртады,
Алдында дала, арты
тау.
Алты отау- алты
жұмыртқа,
Азудан тізген ақ қала.
Шалқайып шет тұр қыңырта
Тау бетте бірі аққұла.
Құл біткен
адам ықтайды
Секілді іші кіл қырсық.
Ол үйден күлкі шықпайды,
Тұрса да
сырты күлгірсін.
Сырты аппақ, іші қаралық,
Сырты ыстық, іші үскірік.
Осы бір екі
аралық,
Қойғандай
құдай үшкіріп.
Түндігі тұйық
жабулы,
Батпайды күннің мүйізі.
Көлеңке бетте қағулау
Түрілген етек киізі.
Кереге,
уық қып- қызыл,
Қып- қызыл кілем, көрпе де.
Қан шашып осы көп
құзыр
Құбылып тұрды өртене.
Бір жез мұрт жатыр төрінде
Шыптақтап мамық көпшікті.
Көзбен жеп кейде көрінген
Қыз- қырқын,
келін  - кепшікті.
Ашулы сары қымыздың
Әупілдек үйдік зереңі
Алдына оның күн ұзын
Ауысып келе береді.
Содан бір тастап - тастап ал,
Ықылық атпай
тынбайды.
Ширатып мұртын таспалап,
Жабасты
сапырт тыңдайды.
Түрі бар төре жігіттей,
Бай болса
керек күтімі.
Түгілген шуда түбіттей
Аузында шылым түтіні.
Байекен отыр барлығып,
Ыстық па қысқан,
ыза ма.
Шығады даусы қарлығып,
Қымызға әлде қыза ма...
Ашулы, қу, сақ
бұл аңша.
Сөйлейді
тартып сыр ұрлап.
Ысқырып
қара жыланша,
Біресе бұғып
сыбырлап.
«Алаштан»
тірек табасың,
Ығы тау, нұры күн,- деді...
Қайда сол мықты
«Алашың?»
Жабағы құсып, жүн жеді.
«Тірегің» шіріп майрылып,
Сүйеуге келмей жатқанда,
Ол үшін малдан айрылып,
Жабасты құдай
атқан ба?
Талай жыл болдым далбаса
Асырап «Алаш» ордасын.
Өздерін баға алмаса,
Өзгені
қалай қорғасын.
Деп жүрсек хан бар, қамсау бар,
Адыра қалды Жымпиты
Басымен қайғы Жанашыр,
Қызылдар күзен, сымпитты.
Не болып жатыр бұ
заман,
Біле ме, қандай хал елде?
Жалшының көші ұзаған...
Айта бар Жанша, Халелге.
Партия, ұйым құруды
Үйренсін қара таяқтан,
Құтыртқан
дүйім руды
Ораздай салдыр-саяқтан.
Өзіміз баққан текешік
Өзіме бас сап артылды.
Дәурен жоқ
жүрер кекесін,
Қысқарды қолым, тартылды.
Аз ауыл едік елеусіз,
Пәледен аулақ, шүкір ек.
Жүр едік желсіз -
желеусіз,
Жоқ еді жөнді
үкімет.
Шотыраш Ораз келді де,
Шығарды «Қосшы» дегенді.
Шабындық жерді белді де,
Шеңгелден алды Шегенді.
Қолында құлаш
мандаты,
Салады баса салықты.
Құлдарды
қарсы андатты,
Бүлдіріп болды халықты.
Жеті атам мүлкін талатып,
Жем болды-ау, құдай,
сал басым.
Қызыңды құлға
қаратып,
Тоқалға
қолын салмасын.
Бәрінен жаман қиыны
Енді не, кімге сенесің?
«Қосшы» мен «Кедей
ұйымы»
«Алаштың» ұрды енесін.
Шүлдіреп
біздің құлдар да.
Сонау бір күндер қайда лап,
Жылаймыз өткен
жылдарға.
Шалдығып шырмау - кесірге
Замана екен мат болған.
Өреміз жетпей жесірге,
Жаман-ақ екен
ат болган...
Аптығып
Жабас басылды.
Қымыз! - деп ернін жалады.
Жарқ етіп есік ашылды,
Жалт етіп
Айша қарады.
Жүдеу де болса көрікті,
Арғымақ
әйел бұл бөлек.
Бұрымдап
шашын өріпті,
Көйлегін
белден бүрмелеп.
Күбіні күмпіл қақтырып,
Құлаштап
бірер сапырып,
Қымызды құйды шақ тұрып,
Ол үшін бұл үй қаңырық.
Толтырып екі зереңді.
Ақ үйден Айша зып етті.
Дегендей «Ал, іш кереңді».
Жұтына
қарап, қылғынып,
Жез мұрттың
тілі байланды.
Көзімен базар пұл қылын.
Көзімен құшып айнатды.
Көзімен қолды көтеріп
Етегін ақ шыт көйлектің.
Қозғалды
бай да жөтеліп,
Айтады «ұят,
қой» деп кім...
Сыртынан Айша сезінді
Олардың
лас, аш көзін.
Шақырып ақыл төзімін,
Булығып изер басты өзін.
Сәлден соң, есін жиғандай,
Тап қапы жез мұрт жыртыңдап
Перизат еді бұл
қандай?
Жүрмей ме өзі
тың тыңдап?...
Жоқ,
мырза, одан қорықпа.
Білмейді кек - аяңды.
Тіліне бірақ,
жолықпа,
Қозғама
жатқан шаянды...
Байеке, мені жасқама.
Қызғанба,
кешке дайында.
Боларсың, мырза, масқара
Мертігін жазатайымда...
Бай айтқан сөздің
бәрі рас.
Түзету болса, бар бір - ақ:
Айша да қалыс
қала алмас,
Қоймаса байлап қарғылан.
Өз ісінің сөзін ол алғаш
Құшағын түріп тыңдайды.
Тапсырған
Ораз тың жайды.
Шай қойып
сыртта біресе,
Біресе
қымыз ұсынып,
Болмайды солай жүрмесе,
Жез мұрттың
салқым дауысы
Келім тұр оны іргеден:
Сол Орал үлкен жау осы.
Қағысып қалыпап бірде мен.
Ізі ғой
сол бір белгінің,
Тыртығы
болса самайда,
Маған да «сыйын» берді інің,
Мүгедек болдым сан айта.
Офицер ем
гой о кезде,
Жолымды тосты
ол азғана
Сен көрген
құлдан көп өзге,
Мен білем жайын Ораздын...
«Соңдай ма
ең, асқақ күшіген!...
Деп Айша
жез мұрт кісімен
Шайқасып сырпа ішінен,
Жек көрді
жүрек күшімен.
«Күшіген - пасық қара құс
Қалыпты
бүркіт бола алмай.
Кәсібі - тышқан,
арам іс,
Жез мұрт та, сірә, солардай.
«Түңілме түсі жылыдан»
Деп кімдер
сені мәз көрген?
Қабығы
жылтыр сұр жылан,
Сазаңды Ораз аз берген...»
Айнапын мұндағы ойымнам.
Әлбетте,
жез мұрт бейхабар...
Шықпасын қасқыр қойыннан,
Байеке - дейді байқап ал.
Оразға салса, ертең-ақ
Талайды, иә, бөрі
боп.
Шабады, құлды ертіп
ап,
Қол үзіп туған
қоныстан.
Заводта жүріп бұзылғам.
Қатын да
алған орыстан,
Коммунист - нағыз
қызылдан.
Шабарман болып Шапайға
Шағанның
бойын шаңдатты.
Жайыққа
апай - топайда
Тоғытты сансыз саңлақты.
Олда  жүрді соңынан,
Дұшпанын
іздеп, тіміскіп.
Не сабаз өтті қолынан,
Бұған жат қайрым, туыстық.
Сол үшін шығар,
бір касқыр
Бауыздап кеткен қатынын.
Білсем деп
жүр ғой бұл тас құл;
Қасқырдың аты - заты кім...
«Сенсің ғой сол ит, күлесің»,
Дейді Айша ерні дірілдеп,
Әйтпесе қайдан білесің
Айтқанын
маған сырым деп».
Алданып
тосып сұраққа.
Қиялдап Айша қалғанды.
Жез мұрттың
сөзі құлаққа
Үзіліп барып жалғанды.
«Ашынған адам алласын
Қарғайды» дейді халқымыз.
«Алашқа»
көңілің қалмасын.
Ала ту алып шалқырмыз.
«Ой, баурым» салу ертерек,
Өздерің барда ол тірі.
Елінен жазбас ер түлек,
Жемінен жазбас бөлтірік...
Көзіңді
қысып сөйлеңіз
Соқырдан болса ханыңыз.
Әзірге бізге сол негіз,
Осыны еске алыңыз.
«Алаш» та бітеу шиқандай
Аздырып іште жүреді.
Заманның, иә, сиқы аңдай,
Ит жоқта шошқа үреді.
Әйтсе де жалғыз
емеспіз,
Жақсы мен
бардың бәрі бір.
«Қатында билік» демеспіз.
Бөріктілердің
ары бір.
Шіркін-ай, сонау жылдардай
Қынаптан қылыш суырса!
Ағылшын,
түрік ырғалмай,
Алшысын
тағы қуырса!..
Жабастан шықты бұл
дауыс,
Кеудесін арман айырып.
Әлбетте, - дейді мұрт даусыз
Соғады
олар қайырып.
«Қайыра шапқан жау жаман...»
Мыналар керек ол үшін...
Тыңдап тұр
Айша манадан,
Құлаққа
қойып қол ұшын.
Түгелдей ұқсын - ұқпасын,
Естіген сөздің бәрі есте.
Тәй - тәйден
тұрып, тік басып,
Ержетер солай нәресте.
Бір жайды сезді ол айқын,
Бейне бір
тұңғыш оянып:
Совет жоқ оңай құлайтын,
Дұшпан
кім, дос кім - о да анық.
Ақ үйдің
ойы қап - қара,
Жүрегің
қалай шайылмас.
Паш етпек
Айша ақтара
Шешінген - судан тайынбас.
Тайынба, таңың атты деп,
Сыбырлап
самал жел есті.
Бір тәтті,
бірде қатты кеп,
Бай мен мұрт
қызу кеңесті.
Шұқи ма
қарға қарғаны,
Ұғысты
олар ұзамай.
Тай тулап қайда барғаны
Дыз етпе оқыс ызадай.
Бір мөңкім алып Жабас та,
Қайтып-ақ қалды райдан.
Жабекең ауыз жаласса,
Жез мұрт
та шықты бір ойдан.
Қазы да қозы, қыз, қымыз
Қазаққа шіркін,
керегі.
Қымызды, кәне, құйыңыз,
Қызды да құдай
береді...
Қуланып жез мұрт
солайша
Ән бастап,
бала ымдайды.
Сезіп тұр
сыртта оны Айша.
Түтігіп
үнсіз тыңдайды.
«Мінгенім дәйім менің қасқа атымды-ай.
Сүймеймін қасқа атымнан басқа атымды-ай.
Құдайдың
маған берген біз мінезі
Қыздан да жақсы көрем жас қатынды-ай.
Айқабақ айнадайын асыл көрік.
Мал болсаң, алар едім бәсің беріп.
Мен саған
басыбайлы бол демеймін,
Жүрші тек аз ғана
күн қасыма еріп.»
«Мал болсаң»
дейсің, сұмырай,
«Уақытша»
дейсің, онда да.
Тінтесің көзбен
ұрыдай,
Қарақұс-сынды
қомдана.
Әйелдер бәрі мал болса,
Адам боп қалай
жүрер ең?
Күл шашып, бәлки, далбаса,
Төрт аяқ,
мүйіз тілер ең...»
Әуенін оның
алайда
Ән құмар
Айша тыңдайды.
Есіне
түсті бар айлар,
Серпіліп сәлге мұң-қайғы.
Жез мұрттың
кейіп өшіріп,
Елестеп орны толмас күн,
Әкелді алға
өсіріп
Тұлғасын қайран Молдаштын.
Кім білсін қайдан естіген,
(Өзінің әлде белеңі),
Оның да барды ескіден
Бір ауыз ерке өлеңі:
«Қуанам, қалқам, күннің батқанына,
Өкінем таңның ерте атқанына.
Атса таң,
он екі айда бір атсаңшы
Өзіңмен мұңсыз, бейқам жатқанымда».
Рахат көрген жылы кем,
Келтірді өмір
қай сасып.
Әйтсе де, осы жырымен
Әлдилеп өтті
Айшасын.
Айша тұр
болып өзімен,
Сезбейді
шойдін шекенін.
Моншақтай
жастың көзінен
Үзіліп жерге түскенін.