ВЕРНУТЬСЯ

 Астауы тесік
сияқты.
Құм құдық, бетон кұрса-ай
Өргізіп мың
сан тұяқты,
Мың саным
жомарт карсы-ай
Деміне темір міскендей
Жел емес,
жалын еседі.
Балбырап жерге түскендей.
Балқыған кұмның кесегі.
Демімде
қалар сортаңдай,
Ащы тер соған
қарылып.
Астау тұр, бірақ ортаймай.
Су күткен мал жоқ сарылып.
Қойшы да қырдың шын ұлы.
Қолаға ұқсас түс-түрі.
Аузымда үзын
шылымы,
Қолында транисторы.
Сырт қойға бейқам бозбала,
Жоқтай-ақ қойда
саудасы.
«Суардым» десе
- сөз тама.
Ол емес,
мотор - караушы.
II
Қайым қол
суға қанғанда
Өріске бастар
ор теке.
Құлазын кұдык қамамда
Келеді дәйім
қарқ өте.
Ормығын алып ақырын
Астауға
қолын салады.
Күмістей көсіп санырын,
Сумен бір
ойнап алады.
Содан соң жеңін
сыбанып.
Сапар шал бетін шаяды,
Асықпай, маңғаз
сыланып.
Саяға төсін жаяды.
Тынғанда
мотор бір ауық.
Енкейер барып құдықка,
Өткенге ойы жер ауып,
Тулайды дауыл тұнықта.
Ол ойлар қат-қат түйіндей,
Ұйысқан өрмек,
мол дүрмек.
Су емес, құдық түбінде
Жатқандай
көшер мөлдіреп...
ІІІ
Жас жігіт Сапар жаз бойы
Жүз құдық қазды жүз жерден.
Сазы көп,
суы аз болды.
Сор шықты
құмнан, түз жерден.
Жатаққа кұдай Жабас бай
Тағы да,
тағы қаздырды.
Құдіретпен
құлқы жараспай,
Жазғырды Құлды азғырды.
Жүз де бір кұдық
түбіне
Жолдасы түсті
Санардың.
Көзі алдынан бүгін де
Кетпейді сол бір қатал күн.
Түсті де қайтып шықпады,
Тірідей көмді
құм құдық.
Тік тұрып
елді, бұқпады...
Жас жары қалды
шыңғырып.
Қолында топас белкүрек.
Сол жігіт күні-түнімен
Қап-қара көзі
мөлдіреп,
Қарайды құдық
түбінен...
IV
Құдық-ай. қайран құдықй.
Қанша
өмір, қанша өлім ай
Бір ұрттам судың
кылыгы-ай!
Өрт болдым
деп ем онымен.
Орыстар сумен басса отты.
Қазақта
судан өрт шықты.
Қарт өтті «су»
деп, жаста өтті.
Мерт кетті, содан дерт шыкты.
Аз күндік ауыз  су үшін
Ру мен ру
жауласты.
Бай сілтеп елге кылышын.
Ата мен бала дауласты.
Қаталап дала қыраны,
Қапаты күйіп кұлады.
Көз жасын балшық бұлады.
Адамша мал да жылады.
Құдықтың көзі - бұта ғой.
Арудың
жаудыр көзіндей.
Құдықтың түбі
қатыгез,
Өртенген шөлдің өзіндей.
V
«Инемен құдық қазғандай» -
Деп өлшеп
қазақ қиналды,
Құдық бар
жерден көзалмай,
Сол жерде ел боп жиналды.
Құдыққа берді жер атын.
Құдыққа берді ел атын.
Қыз тыңдап сонда ер антын.
Серуен құрды сері ақын.
Орқұдық, сансыз Сайқұдық.
Тасқұдық,
талай Құмқұдық.
Ашқұдық және Байқұдық
Құдық та құдық қымқуыт.
Бұлар да құлпы тастардай.
Бұлар да
тарих беттері.
Суалған көзден жас парлап,
Бұлар да
шежіре шертеді.
Бастық та, ер де, ақын да
Құдықтың атын алмасын
Тарихтар қалсын кітапта.
Тарихты тарих жалғасы.
VI
Санарды уақыт суалды,
Қартайтты бейнет жігітті:
Сан миллион шелек су тартты
Толтырды
мың сан құдықты...
Кешқұрым ұлы қайтады,
Өрістен қойлар
келеді.
Өз сөзін
мотор айтады,
Қауғадан
азат бел енді.
Сапардың қырық жыл тартқан
Бір демде
мотор тартады.
Қуантты қанша қарт жанып
Ауылдың жаңа әр таңы.
Су тартқыш
отам қадірлі
Адамды қастерлегендей.
Қанмайды иесіз кабірі
Жер барда осы шегендей.
Лаулашы, жанып,
лаулашы.
Теңіз бар құдық түбінде.
Мың жылғы анакөз, дау басы
Рахаттың көзі бүгінде.
1969