ВЕРНУТЬСЯ

 Жазы ыстық, қысы қатты Сарыалжынның,
Жазда құм,
қыста боран салар жынын.
Көк шалғын
көркі жердіңөк Ақбақай.
Тыңдаған Мұхитының сан ән-жырын.
«Салмасам «Айнамкөзге», ән болмайды.
Кимесем екі шапан, сән болмайды.
Ойнасаң, өзің теңдес жаспен ойна,
Ол дағы алғаныңнан кем болмайды».
Солайша шырқағанда
бүгін де ауыл.
Жым-жырт боп басылғандай бурылауы
Тамылжып тыңдайды оны таң да, кеш те.
Боз торғай күрт үзеді шырылдауын.
Осы әнмен әлдиледік
серілікті,
Оны айтсақ, қайғы
қашты, шер үрікті.
Тыпырлап, торға
түскен ақ бөкендей,
Құрбының құшағына пері ілікті.
Қалса да қазына боп, мұра болып,
Амал не, қабірінен тұра ма өлік.
«Үш жүзден ән оздырған» қайран Мұхит
Жатыр бір төмпешік боп, ұра болып.
Басталған Ақбақайдан, су сымақтан.
Ол-бұлақ
Бар қазақты сусындатқан.
Бөлейді-ау
рақатқа
Өр әндері,
Самалдай
Паң көйлекті
сусылдатқан.
Мен оған мерекеме, қайғыма ортақ,
Өлеңнен орнатармын қай күн бір тақ?
Құлаған құлпы тасын
Тік тұрғызып,
Қайтадан
Там соғыпты қайрымды ұрпақ.
Толғанып жүрдім ұзақ
Соны айнала.
Сұлық
жер,сағым қуған сары айдала.
Дауласа, Мұхит
барша әні ақысын,
Там түгіл соғар еді-ау сарайды да.
Ол қайтсін,
біз ғой жетік бұл заңдарға.
Онсыз да
рухы риза, нұр жанды ол да.
Тірілді біз арқылы.
Тірілді, ия,
Махамбет, Құрманғазы,
Біржандар да...
1978