ВЕРНУТЬСЯ

Емхана күнделігінен
Мен науқаспын, емханада жатырмын,
Талай таңды кірпік қақпай атырдым.
Талай рет
кешкі нұрмен қоштасып,
Талай күнді бақиласып батырдым.
Мен науқаспын, мен тұтқынмын төсек те,
Қабынады, қан құсады
қос өкпе.
Сырылдай ма, сыбырлай ма, қайтеді?
Қалай ерте сыр алғызды осы өкпе?
Үш-ақ мүшел
шақ емес пе нар кескен?
Жолбарыстың жігері
онда бар дескен...
Жатыр ма алде енді есеп айырып
Жетім кезім жалаң
аяқ қар кешкен?..
Бүрістірген сыз окоптың түбінде
Әлде сонау қанды майдан түні ме?
Кеудем шылым түтінімен ысталган,
Таныс еді бокалдардың үні де...
Бәрі болды, өкінерім
жоқ оған.
Жаманым да, жақсым да көп жоғалып.
Маған қазір басы емес өмірдің
Қалған жағы,
«тәмәм» жағы зор арман.
* * *
Достар-ау, қайдасыңдар, шаршадым ғой.
Шайқалған
көк дауылдан аршамын ғой.
Тамырым жұлынардай
сытырлайды,
Құламай
қалу жайлы бар шағып ой...
Келсеңдер сүйемелдей көремін мен,
Бір сәтке ұмытылып көр өліммен.
Тыңдаймын
өмір даусын, өлең даусын.
Одақтың1 залы толған өрен үннен.
Сол бір зал бұл
дүниенің кең бөлегі.
Қалайша жұмақ
оған тең келеді?
Ең кемі
қызылшеке айтысы да
Көзімнен
бір-бір ұшты дөңгеледі.
Сол үнді кім келсе де ала келсін,
Сол болып қала келсін, дала келсін.
Өшпесін өжет дауыс, өмір даусы,
Тіршілік соқпағымен бара берсін.
* * *
Ұзақ науқас састырады,
Шайқалады төзім
де.
Келген сайын жас тұрады
Софьяның көзінде.
Жас тұрады
мөлтілдеген,
Бірақ күлмек болады.
Бимаза ойы мол түндерден,
Білем, шаршап, солады.
Самайынан бір тал ақ шаш
Сығалайды ұрланып.
Қосылғандай бір тамшы жас,
Өңі
ескіріп тұр налып.
Ұмытады сөзін кейде
Секілді бір кіріптар.
Сәбилерім көзінде де
Үнсіз сұрақ,
күдік бар.
Жазушылар
одағы.
Анам ғана арыстандай
Қайраттанып келеді.
Ажалменен алысқандай
Неткен берік, ер еді
Не істеймін мен, етім жалын,
Табар уақыт бір емін.
Жесір жайын, жетім жайын
Көрген жанмын, білемін...
Қуанар-ау дәрігер де
Қоса ағарса
қос терек.
Ең бақытты
дәуірде де
Әке керек, дос керек...
Келеді күздің демі терезеден,
Бір қатқыл, бірде дымқыл желі ежелден.
Аңсаймын таза ауаны, еркіндікті,
Шықсам деп емханалық ережеден.
Естимін, шыпшық торғай шықылықтап,
Жырлайды ықылықтап, сықылықтап.
Сеземін шоршып үшып қонғанын да
Кірпіктей қанаттары жыпылықтап.
Байқаймын, күн пейілі кең секілді,
Бұлты жоқ,
болса, тек бір мен секілді.
Бөлмеге ұшып түсті бір жапырақ,
Сарғайған, сенген о да мен секілді.
Жоқ болса терең тамыр, от тегінде.
Өтті не
оның күні, өтпеді не?
Жапырақ емеснің
сол, бұтақпын мен.
Сенемін нұрлы
өмір көктеміне.
Қолымның күші жоқ,
Жазуға
келмейді.
Ойымның ұшы
жоқ,
Селдейді, желдейді.
Желдейді, жоқтайды
Өлеңнің сапын да.
Ой қалай тоқтайды
Өшпесе қапыда.
Тұрады бұл бірде
Жыр болып тізіліп.
Құлайды
үңгірге
Кейде күрт
үзіліп...
Достар кеп, самал кен,
Дем беріп шығады.
Сол сәтте, амал жоқ,
Ауру да ығады.
* * *
Тәй тұрдым
қайта мен бүгін.
Баланың жолын бастадым.
Мүгедек болған
кемді күн
Қалмақшы артта, достарым!
Мен бүгін өзге біреуді
Жұбаттым,
басын сүйедім.
Адаммын қандай тілеулі, -
Өзіме өзім иемін!
Бәрін де енді сүйеймін,
Бәрінен медеу таптым мен.
Бәріне саулық тілеймін,
Қауышсын менше сәт күнмен
Мазасыз, кекшіл, әбігер -
Әр ауру ерке баладай.
Мың алғыс, жолдас дәрігер,
Соны ұққан
данадай.
Мың алғыс және баршаңа,
Сестра қыздар анадай!
Болсаң да көбің қаршадай,
Жандарың байтақ
даладай.
Осынша үлкен жүректі
Алдыңдар қайдан
апыр-ау?!
Мен үшін тілек тілеп
те,
Мен үшін шаршап
жатыр-ау!
Ендеше соны жыр етпей
Қалайша, достар, өлемін!
«Адам!» деп
соққан жүректен
Заманым заңын көремін.
Алғыстың зоры өзіңе,
Алдияр, елім - бесігім!
Тұрмаса ұлың сөзінде,
Болмасын ешбір кешірім!
1959-1963