ВЕРНУТЬСЯ

Бейтаныс
маған тұл заман,
Білмеймін өткен
ғасырды.
Онда мен, елім, тумаған,
Көргем жоқ төккен жасыңды.
Сені мен сол бір кезде де
Сүйер ем қайран
шешем деп,
Шешеден бала безді ме,
Шерменде, жарлы екен деп.
Ес білген өзім
шағымда ал,
Мың шүкір, ондай еместе ең.
Шаруа жайың шағындау,
Шырқауы
кейін белесте ең.
Ұрығын сеуіп жас баудың,
Гүл теріп жаттың арадай.                                                                                                                                             
Үй мүлкін, қыздың жасауын
Тырнақтап жиған
анадай.
Ал бүгін көркің
мүлде өзге,
Ғажапсың, Қазақстаным!
Кім айтар сені
бір кезде
Көрді деп өмір
қыспағын.
Еңбекке десе -
ұстасың,
Егеске түссең - батырсың.
Жеміс пен жеңіс ұштасып,
Аршындап келе жатырсың.
Қаншама тастар
үгіліп,
Астына кетті қаланың!
Қаншама өзен
жүгіріп,
Қандырды шөлін
даланын!
Жалаңаш
біткен жерімде.
Жайқалған ну, бақ тамаша,
Тапталған
сан жыл тебінде
Күледі гүлдеп жаңаша.
Сүнгиді ойың тереңге,
Шахтаға
түсіп, кен қазып.
Самғайды
аспан дегенде,
Жұлдыз да
- оған кең жазық.
Адамың кандай, адамың,
Жерұйық Қазақстаным!
Білерім - осы заманың -
Ғашығым,
жырым, кұшқаным!
1957