ВЕРНУТЬСЯ

Нұрлы
дала,
Түрлі дала
Көлдердей шымырлап,
Желменен ойнайды, ойлайды
Айнала көкжиек.
Ну байлығы
Бидайығы
Жырлайды сыбырлап,
Биікке, биікке бойлайды,
Қайда да көк
жібек.
Бәйшешектер,
Бай шешектер
Лаулаған жұлдыздай,
Жатады жапанда терілмей.
Жауқазын шашылып.
Күлбірлейді,
Үлбірейді,
Қызарып тұр
қыздай.
Сүюге ұмтылған еріндей,
Қауыны
ашылып.
Биік оты
Киік оты,
Жас жусан
жұпары
Кеудеңнің ашқандай
науасын
Мұрныңды
жарғандай.
Жерін өпкен
Демін өкпең
Тойғанша жұтады,
Жұтады
шипалы ауасын,
Сол рақат
жалғанда!
О шеті жоқ,
Бұ шеті жоқ,
Жоқ саға,
жағада,
Шалқыған етімжай шулайды
Көктемнің әнімен.
Тынық мұхит,
Тұнық мұхит
Көшкендей далаға,
Далада толқындар тулайды
Ұлы өмір
сәнімен.
Масаңдайсың,
Масайрайсың,
Бақ тауын мақтанын,
Мақтанын далаңның күшіне,
Заманның күшіне.
Көкектер
де,
Көк кенер де
Жүрегін ақтарып,
Ақтарып сыр шертер кісіге,
Жыр шертер кісіге.
Нұр
таратқан,
Жыр таратқан
Бағандар қадамы-ай,
Қадамы-ай атыптай
анаған
Айшылық жолдарды.
Сонша қадам
Сонша маған
Керек-ақ, далам-ай!
Шарлар ем, шарлар ем шаттана
Сай-сала, жондарды!
Жондарын да,
Жолдарын да,
Жаңғыртып
жазсам-ау,
Жазсам-ау Жыр атты картаға
Мәңгілік
бояумен!
Майда небір
Майда қоңыр
Еседі-ау жас самал!
Сұлудың деміндей тартады, о,
Сол дәйім ояу дем!
Жас өрім
шақ
Жасырынбақ
Ойнайды-ау шалғында.
Шалғында,
шытына жуынын,
Жанын от қуырып.
Айға қарап,
Сай жағалап,
Өтеді-ау сан
жылдар,
Өлем деп шашына
буынып,
Жүрегін суырып.
Көктем өтер,
Көптен өтер,
Шөп шаштай бозарар
Көк жасыл
бояу солғанда,
Тұз бен
тер сорғандай.
Содан ба екен,
Одан бетер
Көктемге
көз құмар.
Қызыққыш, қызылшыл болам ба.
Нем қалды сол маңда?..