ВЕРНУТЬСЯ

Әсем-ақ қой Алматының
Бұлаңдап  тау өзені,
Жасыл дүние
жайматынын
Бал бұлақты бар өзегі.
Тау текедей бір ұсталмай,
Тастан-тасқа атылады.
Темір тиген
хрустальдай,
Шытырлайды,
уатылады.
Шарқ ұрып су жарықшасы,
Таңғы шықтай шомылады.
Бұраң белі тар кұшағы.
Бұлқынады, ашынады.
Сусылы
бар, самалы бар.
Аясы бар, саясы бар.
Содан
ГЭС-гер - самалалар
Алтын мұрын жая салар.
Тау бұйырса,
сыз бұйырса.
Желе-жортақ  желі даяр.
Құз құласа,
мұң құйылса,
Сең-сең  тасы, селі даяр.
Сарқыраса жорғаланып.
Сайқын
күлкі сойқам бұлақ.
Жайрам қалпы,
бейқам күліп.
Өзіме сол шақтарында
Ұлығаны - бұлақ әні
Көбіктеніп
кұлағаны.
Таусыз, жердің
сарыны жоқ.
Билігі жоқ бөлімдердей.
Өз сөзі жоқ,
дарыны жоқ.
Біреуге ерген
біреулердей..
Болмысы гой арыны оның.
Адалдығы сәбимен бір.
Адуындық - дарыны оның.
Алақаннын
сызығындай
Айқыш-ұйқыш
аққан арық -
Апорттардың қызылындай.
Бақтай тұрған бап таранып.
Міне сондай қырық озен.
Суық озен,
қызу озен,
Шаруа өзен, сондай өзен.
19 66