ВЕРНУТЬСЯ

          Хатшы жолдас, мен
сені күндемеймін,
 
Маған ақыл
айтқандай кім демеймін.
Жас бол әлде кәрі
бол - жолың үлкен-
Шақырсаң да
алдыңа күнде, мейлің.
Қызықпаймын
орныңа. жалақыңа.
Атақ - ақша не мұрат,
сал ақылға.
Қызықпаймын
арнаулы машинаңа,
Такси көп қой,
жетеді со да ақынға.
Бар - жоғымен,
күреспен қызық өмір,
Маған оның жазы
да, күзі де бір.
Қызықпаймын көмекші
қызыңа да,
Онысыз да ақынның
тұзы жеңіл.
Ішін жейміз,
мүнәнәс киінеміз,
Рас, кейде
Қасымша шүйілеміз:
«Ертең түсіп
қалсақ та, хатшы болмай,
Неге ақын болдық
деп күйінеміз».
Жоқ-жоқ, бұл жай
көңілдің күйі деңіз,
Хатшылық пен
ақындық - қиын егіз,
Отыра алмай
орнымда түскен өзім,
Құлатсаң да өкінбен
үйіме құз.
Сүйсінемін жүгіңе
арқапаған,
Мен де одан
жырыма арқау алам.
Саған барын айтады
қуанышын;
Саған барын мұң-шерін
сарқады адам.
Жүрі жоқ емес маған
да мұң шағатып,
Пәрменді деп
ойлай ма мұнша ма ақын?
Себім тисе, тиеді
сен арқылы,
Сен арқылы олар
да шын танатын.
Өміріңнің кетеді дені
ісінс.
Тыңдырсаң ғой
барін де дем ішінде!
Өзің үшін қызарсаң
- ол бір сәрі,
Жауаптысың жыласам
меп үшін де.
Көз қарайған жұмыста,
шеке талған,
Көзге түсін,
жерім жоқ жеке аталған.
Жауыздың да
арызып тыңдайсың сен,
Сылқытар ем, мен
болсам, жеті атадан...
Жылы сәуле
секілді сеңді оятын,
Әр уақытта сөзің
бар ден қоятын.
Сондықтан да меи емес,
 сен хатшысың.
Сондықтан да сен емес,
мен ғой ақын.
Мен де сорлы емеспін
өңгесінде,
Зияны жоқ, жүрсе
егер бұл да есіңде,
Бәлки, хатшы
боларсың өлгенше сен.
Мен ақын боп
қаламын өлгесінде.
«Орал өңірі» 11 қыркүйек 1990 жыл.