ВЕРНУТЬСЯ

Біреу-ақ Құрманғазы - күй кұдайы.
Сыйлады «Сарыарканы», қиды «Адайды»
Күркіреді
көбік шашқан Атыраудай.
Кеудеме көк дауылын құйды ұдайы.
Ал мынау Тәттімбеттің «Саржайлауы»,
Алдыңа әкеледі сан жайларды.
Қыз дүние, кызық дүние бір сарыны,
Күңіреніп
енді бірде зар жайлайды.
Тарлан күй тербеледі, теңселеді,
Талай қыр, талай сырды еңсереді.
Сермейді, сұңқылдайды,
сыңғырлайды,
Ез емес, еңселі ері, ел сенеді.
Малды қой - бөрі
азығы, жұттың жемі.
Құдайын
қарғап қазақ, «құрттың» деді.
Сарғайып сары аурудай жайлау жатыр,
Сарнайды құлазыған
жұрттың желі.
Бейпіл жел, бебеу қаққан, безектеген,
Сойқанын, сойылдарын кезеп келген.
Түтінін түтетеді жыртық үйлер,
Қуанып күндеріне тезек терген.
Жұртта сол
құрым үйлер қайып жатыр,
Темірдей кара суық қарып жатыр.
Салтанат сәнмен көшіп ақ ордалар.
Жайраңдап қыс қонысқа барып жатыр.
Күй кейде күрсінеді, баяулайды,
Өзегін өртегендей
алау қайғы.
Ал бірде көңіл бұлтын
сілкіп тастап,
Тілінен махаббаттың бал аулайды.
Бұлақ па,
шат күлкі ме сылқылдаған?
Білек пе бұлқынбаған, былкылдаған?
Немене дүбірлейді, күбірлейді,
Жігіт не, қыз не бір жылқы ұрлаған?
Айнала әсемдікке
тояттаған,
Мелшиіп
жылқы жусап, қой оттаған.
Жазғы түз жас анадай маужырайды,
Табиғат таңғы ұйқыдан
оятпаған.
Күй тағы сылқылдайды, сорғалайды.
Нұсқайды
толған емес, солған айды.
Қара көз
қайран ару мұңын шағып,
Жаутаңдап жасырынған жол қарайды.
Сұлудың
сырты бүтін, іші жалын.
Қинайды махаббаттың күші жанып.-
Тұншығып
төсегінде талықсиды,
Түсінер кісі кайда кісі зарып?
Қыбырлап ұйқылы-ояу еріндері,
Еріксіз шығарады
шерін демі.
Түсінеді әлдекімнің ағын атап,
Арманның азабынан шегінбеді.
Ол, арман өкініштен құйылғандай,
Қызығы қыршынынан қиылғандай,
Дариға-ай,
жұдырықтай бір жүрекке
Сыйдыру екі адамды қиын қандай!..
Жүргендей сәл
аруды күнде көріп.
Күйзелем, күйінемін күйге еріп,
Ол енді мұңдасқандай,
сырласқандай,
Төрт бөліп түн ұйқымды үйге еніп.
Білмеймін не жағдайдан күй алынған,
Сан сурет өтті әйтеуір қиялымнан.
Оркестр тамылжыта тынды барып,
Қалай тез қоштасуға қияды адам.
Зал тұрды
жаңғырығып қошеметтен,
Бір жан жоқ
орынынан шошаң еткен.
Тірілтіп ту
заманғы Тәттімбетті,
Өнер-ай
өлместерге қоса кеткен!
1965