ВЕРНУТЬСЯ

         Не заттан бастау
керек?
Ежелдөн бұл
сұрақтар бас дау дер ек.
Сан ғасыр келді
бұлар жауап таппай
Небір ми, небір
дана бастан зерек.
Қайталады қанша
сол ой сұрақты?
Қанша жау халық
легін ойсыратты?
Түстік қой қасапқа да Гапонға еріп,
Әзәзіл текеге
ерген қой сияқты.
Келген
жоқ бостандық пен бақ тә
ңірден,
Тиген жоқ
аузымыз да аққа бірден.
Тек Ленин,
большевиктер партиясы
Дүниенің дауын шешті Октябрьмен.
Тарихта тың адым
жоқ одан асқан,
Жер түгіл одан
сәуле алады аспан.
Қаз тұрып сол
адыммен қарышта
ған
Дала аңыз,
дала думан,
дала дастан.
Шарықтар қыран
ба тек өте биік?
Барады байтақ
дала көтеріліп.
Мінгізіп
халықтарды қанатына,
Тауларды топшысымен кетеді іліп.
Сондықтан тағы «шүу» деп жырға бастым.
Сұлудай жатыр
жерім сырға мас
қып.
«Миллиард! Тек
миллиард!»- дейді бүгі
н,
Бір кезде зар болған түз бір қап астық.
Бір кезде үзім «нанмен жан сақтаған,
Бір кезде үзім
нансыз жер соқты адам,
Бір етек бидай
ерді
ң құны болды,
Дедік пе кебекті
де жаңсақ тағам?
Сол елдің,
сондай елдің баласымын,
Анамның сүтінше емдім дала сырын,
Өлеңім - таңғы шықтың бір тамшысы,
Тасқыным, тебренісім, жан асылым.