ВЕРНУТЬСЯ

Жоқ сірә
«тәңір қосқан» менің жарым.
Өзіңсің жас үмітім, ынтызарым.
«Арбамен асықпаған қоян алар»
Көрерміз,
қорғап болып елдің арын.
Аманмын әзірге ауру-жараланбай.
Кім білсін, елге
солай бара алам ба?
Күркіреп дауыл тұрды
от жауатын.
Жазылып
отыр бұл хат қарбаласта.
Бәліки бұл
ақырғы хат болуы да.
Кезігіп қалсам ажал торуына.
Әйтсе де «жақсы сөз
- жарым ырыс»
Сенемін жақсылыққа жоруыңа...
Уақыт тар, көп
болса да айтар сөзім.
Қош, сау
бол көріскенше,
мөлдір көзім.
Суретің жүрегімде жүр сақтаулы,
Секілді ескерткіші ол бір кездің.
1942