ВЕРНУТЬСЯ

Майданның
алғы шебінде
Жолықтым сотқар солдатқа.
Айқасты талай
Тегінде
Салғандай
сірә ол да артқа.
Қара сұр,
қатал пішінді,
Жазық
жаурын, кең дене.
Омырауында қос
орден.
Көз
тартпасын ол неге?
Таныдым:
Қазақ -
Сар дала.
Сөйлесу
болды құмарым.
-          Кімсің? - деп бірақ сонда да.
Орысша сөйлеп сұрадым.
Оқтай
өткір көзімен
Қадала маған
қарады.
-          Қазақ! -
деді бір кесіп,
Сол болды барша жауабы.
-          Қайдағы, - дедім, - қазақсың?
(Қай жерден
келдің дегенім.)
Естілді сұрақ
мазақша,
Ұқпады
жігіт не мені.
-          Кескініңе
қарасам,
Жөн
білгендей адамсың.
Қазақты әлі
білмейтін
Қайдан шыққан
надансың? -
Деді солдат ызғарлы,
Шытына сөйлеп, өктемдей.
Сөзі де, отты көзіндей,
Өңменді
тесіп өткендей.
- «Қазақ»
деді сонша шіреніп,
Менменсіп неге сыздайсың.
Баста алға,
бірге жүрелік,
Жөніңді
айт, жігіт, қызбай, шын.
- «Қайдағы қазақ» дегенге
Ызамын, қайран
қаламын.
Білмейтін бар ма ел-елде
Ер халқын
байтақ даланың
Алдында ажал тұрса
да,
Қаймыкпаған,
қайтпаған,
Әр сөзі анпай құрсанған,
Ешқашан
екі айтпаған,
Өмірін құрбан
етсе де,
Намысын жауға
сатпаған,
Атаның ерлік дәстүрін
Арындай биік сақтаған,
Анасының ақ
сүтін
Кіршіксіз адал ақтаған
Кім еді, соны білемісің?
Ол - қазақтың баласы.
Ел шетіне жау тисе,
Қасқая қарсы шығатын,
Қош құлаш көк сүңгісін
Көкірек пен сұғатын.
Қаусатып дұшпан ордасып,
Көгерген
туын жығатын,
Қадалған
жерден қан алған,
Қанын сығып
жан алған
Кім еді, сен білемісің?
Ол - қазақтың баласы.
Күн күзетіп, түн
қағып,
Азаттық үшін алысқан,
Дауылда туын шулатып
Ер қасына шанышқан,
Исатай, Махамбеттердей
Ұл туған
Халық кім еді?
Білмесең, бауырым,
біл енді:
Ол - қазақ, менің ер халқым.
Ботадай көзі мөлдіреп,
Жандыра жанды қараған,
Үлбіреген
өңі, өңдірдей,
Он өріп шашын, тараған,
Қиын-қыстау заманда
Ел қорғауға жараған
Қыз өсірген кім еді?
Ол - қазақ, менің
ел-халқым.
Қиқулап қырдан
шапқанда
Құлдырап,
құстан озатын,
Шапқан сайын ақпаңдап,
Тізгінін керіп
созатын,
Атойлап ұран салғанда
Делебесі-ақ
қозатын
Арғымақ етігі ат мінген
Батырды көрген кім еді?
Ол - қазақтың
ер елі.
Қару ұстап
қолына,
Азаттық үшін аттанып,
Ұлы Октябрь жолына
Шақырып, дабыл қақты алып.
Сол алып - орыс халқымен
Қоян-қолтық бірлесіп,
Оянып Ленин даңқымен.
Туына оның ілесіп,
Тұрмыстың қара түндігін
Нұрымен
таңның тілді кім?
Таныды сөнбес күнді кім?
Күндей сол нұрлы
күлді кім?
Қазақта
соның біреуі.
Өткенді, достым, білмесең,
Білерсің, бәлки, жаңаны.
Қазақты жақсы таниды
Жаудың да енді адамы.
Қазақтың да қиқуы
Советтік ерлер сапында
Жаңғырықтырды даланы,
Жаудан ол кегін алады,
Берлинге де барады.
Атақты қызыл офицер
Айқаста пісіп, сыналған,
Айлалы, әрі айбарлы,
Ақылы биік шынардан,
Сан шайқаста қол бастап,
Талқанын жаудың шығарған,
Өжет ері Отанның,
Қаһарлы, қайсар, қаһарман
Момышұлы
Бауыржан,
Ол да - қазақ
баласы.
Қан сасыған ұрыста
Қаймықпаған, саспаған,
Шыңдалып отта құрыштай,
Ерлерді алға бастаған.
Батыр Мәлік Ғабдуллин,
Ол да - қазақ баласы.
Қырғидай тиіп жауына,
Күн-түні дамыл бермеген.
Аранын ашқан ажалдан
Айылын жиып көрмеген,
Екі жүз алпыс
фашисті
Жоқ қылған,
көрсіз «жерлеген»
Атақты мерген, ер кеуде
Әбдібеков Төлеу де -
Бел баласы қазақтың.
Бізде мұндай
өрендер
Біреу емес, мыңдаған.
Симайды олар өлеңге,
Болар ең қанша тыңдаған?
Ұлы Отан соғысы
Жеңіспен тынған
кезінде,
Шежіре, дастан тоғысып,
Оқырсың бәрін өзің де.
Әрбір оғын
Жауының
Жүрегіне қадалтқан,
Қара темір құрсанған
Танкті де қиратқан,
Батылды да білерсің,
Бір өзі жүзбен шайқасқан
Батырды да білерсің.
Қазақтың мен де бірімін,
Сүйемін туған халқымды.
Досқа - құл,
Жауға ірімін.
Білемін, ия, нарқымды.
Ұлтымды мақтан
етемін.
Дұрыс па мұным, бұрыс па?
Бөгелдім, ойбай,
кетейін,
Кіремін тағы
ұрысқа.
Ал өзің кімсің, айтайын, -
Деп тынды жігіт, декпіртіп.
-          Мен де сендей
Қазақтың
Баласымын- деп
күлдім.
-          Түсіндім, -
деді - сырыңды:
Сыр тартып
ептеп, сыналап.
Сен, журналист жырыңды,
Болғансың
мені сынамақ.
-          Сендейден
халық
Үмітті.
Ұлы бол
елдің, қазақтың, -
Деп құшақтап
жігітті
Ұрысқа қайта ұзаттым.
-          Қазақтан
қазақ туады, -
Деп кетті жүре тіл қатын.
Ойы отты, аузы дуалы
Жан екен жырға
бұл қатық.
Болды-ау деп уақыт аз-ақ тым,
Өкініп кейін аттандым.
Мен де бірі қазақтың
Болғаныма
мақтандым.
1943