ВЕРНУТЬСЯ

Жастықтан аластатты
Жұбанды да,
«Бала» деп жүрсе туған Жыландыда.
Паспорт па, анкетам ба оны істеген?
Жасаған, жазығым
не жыл алдында?
Кеше мен, үкі бала, атқа шаптым,
Бірі едім асықты да атқышақтың,
Кеше мен, уыз жігіт,
тоя таттым
Қызығын сыз окоптың, от құшақтың.
Әлі де ырызық көн
желінбеген.
Кім алды жігіттіктің желін менен?
Өзім бе қара басқыр, бос үлкенсіп,
Сыр берген «ұлым»,
«қызым», «келін» деумен
Еріксіз о да ауыздан шығады, рас,
Жанымның жалыны мен шығы аралас.
Жастықтың жолдасымын, деп жүр едім,
Тіріде тізімінен шығара алмас.
О көңіл, сен бір тентек теңіз бе едің?
Сонау бір ақын сөзін неге іздедің:
«Құдай-ай, бергеніңе мың рахмет,
Қарғайдың
қайран Шөке, дегізбедің».
Әрине, жұбатудың
сөзі бұл бір,
Талғампаз
табиғаттың өзі білгір.
Қайтпайтын
хас сиқырмен арбасудан
Бұл күнде
жалт береді көзі құрғыр.
Ендеше өткен
күндер түс-елесте.
Түйілсек, тек қылтамақ түседі еске.
Құрбаны қу
рактың болғаннан да,
Сайысып соғыста өлу іс емес пе?
Жоқ, мені ажал емес қорқытатын.
Тағуға таңсық емен Қорқыт атын.
Өмірді тілеймін мен өлеңге тек,
Адамды тебірентетін, толқытатын.
Күлгем жоқ тоны тозық, аты арыққа.
Болады әлсіздік те, қаталдық та.
Жас дәурен,
қимасам да, қоштасайын,
Жарасам ағалыққа, аталыққа.
Жігіт от кеудемде тек жүрсін менің,
Жылытсын жүрегімнің дүрсілдерін.
Кешіңдер кейде кімге көзі түсін,
Ақынның «әттең- ай» деп күрсінгенін.
Тән емес,
жан сұлуым сұрады ерлер.
Ардақтап адамдықты
тұрады елдер.
Жастық пен махаббатты жырлаймын мен,
Жырлаймын
сендер үшін, мұрагерлер