ВЕРНУТЬСЯ

 Даланың қаңбақ қуған баласымын,
Білемін өз жанымдай дала сырын.
Оқуға қалаға алғаш келгенімде
Торғайдай
торға түскен алас ұрдым.
Сағынтты
жаман жүзім жап-жалаңаш.
Жарбиған қыстаулары жанған оғаш.
Қазақтың қамшыға ілген тымағындай
Сайқұдық
басындағы жалғыз ағаш.
Мен онда не сезіппін ол ағаштан?
Шыбығын
садақ үшін ала қашқам.
Ораша Хан тоғайын көрдім сосын,
Сұлудай сиқыр сырын балаға ашқан.
Ол тұрды қоңырайып құздай асқақ,
Бір жұмбақ салқын жүзбен мұздай жасқан.
Жатырған,
өгейсініп жүрдім аулақ,
Кездейсоқ апарғанша қыздар бастан.
Сауығы,
самал, сая жапырағы
Саумалын жас көңілдің саңырады.
Оралдым өзге
әлемді көргендей боп.
Сол сурет көз
алдында жатыр әлі.
Сол сол-ақ, жасыл бақша арман болды,
Армандас
Шолпан болды, Сарман болды.
Соғыста
сүйікті осы достарымша
Ажалдан алып қалған орман болды.
Мен көрдім
не бір бау-бақ сұлағанын,
Мен көрдім кәрі еменнің құлағанын.
Мен көрдім
көк орманның күрсінгенін.
Мен көрдім ақ қайыңның жылағанын.
Жас терек,
өртегендей зығыр-қайың,
Тиетенген
жауынгерше, сықырлайды.
Аһ ұрып,
булығады, теңселеді,
Тамыры үзілгенше тұқырмайды.
Мен қанша
қарағайға аң-таң қалдым.
Көргенде
жарасынан қан тамғанын.
Бар шығар, бәлки бүгін жабайы бал
Сондағы
тыртығында сан таңбаның.
Ағаштың ұқтым
сонда парасатын,
Жасау сол далаға да жарасатын.
Әр талды түзде туған тамашалап.
Тебіренем орман болып қараса түн.
Даланың қаңбақ қуған баласымын,
Білемін өз
жайымдай дала сырын.
Көксеймін
туған жердің көгергенін,
Дүниеде сол болған
соң жанашырым.