ВЕРНУТЬСЯ

Ақ Жайық - Тайпақ менің туған жағым,
Сайқұдық
ауылында өтті балғын шағым.
Құшқанда көп жылдан соң көк майсасын,
Сезіндім ана ерінің, жар құшағың.
"Мен өскен
Өлеңтінің жағасында,
Көктемде өткел
бермес сағасында
Түрмекші түн
түндігін колхоз
Өктем күш өрлігіне
қарасым ба?
Ал соның қыр бетінде, даласында,
Шәкір мен Сайқұдықтың
арасында.
Толқиды
жазғытұрым дән торғыны.
Теңіздей сыймай жатқан шарасына.
Ертеде осы егін айдаған жер -
Аталған
«жын-шайтандар жайлаған жер».
Тары ексең, таяқтай боп бұға шығып,
Жарлының қалың
соры қайнаған жар.
Әлі де осал емес аңызағы,
Кей жазда аспан отын тамызады.
Әйтсе де колхоз емін табады оның.
Кезінде өзен де оған ағызады.
Баяғы
Өлеңтінің басындағы,
Жарбиған
үйлер де жоқ жасымдағы,
Колхозшы «кең» деп салған кешегіні,
Күні ертең «тар» дейді одан асырғалы.
Саялар кәрілер мен жас ұрпағы
Әзірге болмаса да жасыл бағы,
Қарашы, қандай туған ауылың! - деп,
Жерлестер мақтанышын жасырмайды.
144 9