ВЕРНУТЬСЯ

Армысың, сұлу
Жайығым,
Ардақты
қоныс - мекенім.
Қажетсіз
маған қайығың,
Аймалап
жүзіп, өтемін.
Жайдары жаздың кешінде
Суың бал, кәусар шырындай.
Жүресің ылғи
есімде
Тұңғыш
жазған жырымдай.
Сылдыр қаққан толқынын
Шөп етіп мені сүйгендей.
Жаныма жайлы ақ құмың,
Махаббат лебі тигендей.
Сүйемін сені, Ақ Жайық.
Жағаңда жанмын
жаралған.
Егін, ну, жасыл бидайық,
Далам да сенен нәр
алған.
Өзендей Көшім
каналы,
Ол да бір сенің өзегің,
Суарған сусыз даланы
Колхоз ауылым,
өз елім.
Көрдің ғой
талай уақытты,
Айтшы, Жайық, бауырым
Болар ма ең мұнша
бақытты.
Болмаса колхоз ауылым?
Бір кезде өксіп ақтың сен
Ақ жүзің бір де
ашылмай.
Сарғайып солғын
жаттың сен,
Халықтың қанды жасындай.
Мөлдіреп
енді ағасың,
Толқының толы көңілдей.
Жайнатып колхоз даласын.
Шалқисың біздің өмірдей.
Сүйемін сені, Ақ Жайық.
Жағаңда
жанмын жаралған
Егін, ну, жасыл бидайық,
Далам да сенен нәр алған.
1948