ВЕРНУТЬСЯ

        Көңіліңді
ашар,

Жалынды басар

Жоқ
жанында жолдасың.

Отырсаң аулақ,

Дерт басса қаулап,

Жұбатар қиял - мұңдасың.

Бейне хор жүзі,

Бейне бал сөзі,

Жан жарыңмен тұрасың.

Құшақтап белден,

Жалындап тілден

Сүйіскендей боласың.