(Л. Толстойдан)
Баяғы атақты Айса тумай тұрып,
Криз деген хан болған дәурен
сүріп.
сүріп.
Өктемдікпен зорайтқан
патсалығын,
патсалығын,
Маңдағы нашар елдің бәрін
қырып.
қырып.
Байлығы, салтанаты жаннан
асқан,
асқан,
Ешкімнің обалына қарамастан.
Онан артық адам жоқ, өз ойында,
Аспандағы күнменен өр таласқан.
Румда бір есті бар Салон атты,
Данышпан, тура сөзді, инабатты.
Сол келді деп есітіп хан
шақыртып,
шақыртып,
Біраз ғана сөйлесіп жауап
қатты.
қатты.
Криз хан сұлу еді, жүзі нұрлы,
Кигені тым әдемі неше түрлі.
Салонға айтты: «Дүниені
араладың,
араладың,
Сұлу кісі көрдің бе өзім
құрлы?»
құрлы?»
Ол айтты: «Сенен артық талай
жан бар,
жан бар,
Мәселен: әтеш, тоты, хайуандар.
Қанша әдемі киініп қораздансаң,
Сонан артық болмайсың, мұнымды
аңғар!»
аңғар!»
Ішінен хан ыза болып ашуланды:
«Есті деп неге айтты бұл
есалаңды».
есалаңды».
Қазына, әскер, дәулетін
аралатып,
аралатып,
«Көрдің бе, - деді, - мендей
бақты адамды?»
бақты адамды?»
Салон айтты: «Атнада бір кедей бар,
Не қылсаң да болмайсың сен оған
пар.
пар.
Таза, еңбекшіл, азға да
қанағатшыл,
қанағатшыл,
Халқына қиянатсыз қызмет
қылар».
қылар».
Шыдамай Криз айтты қатты ыза
боп:
боп:
«Кедейді бақты деудің қисыны
жоқ.
жоқ.
Қуарған сорлы жақсы бола ма
екен?
екен?
Онан менің емес пе тамағым
тоқ!»
тоқ!»
Салон айтты: «Ол кедей
балаларын,
балаларын,
Оқытып, зор ғылымды қылды
бәрін.
бәрін.
Таза, еңбекшіл кедейден артық
емес,
емес,
Мақтан үшін мал жиып тойған
қарын».
қарын».
«Ей, Криз, сенен менің ойым
бөлек,
бөлек,
Бұл дүние шыр айналған бір
дөңгелек.
дөңгелек.
Өлімнің сағатына кірмей тұрып,
Еш адам «мен - бақыттымын»
демеу керек!»
демеу керек!»
Салонды қоя берді өз жайына,
Өзінің көнбеген соң ыңғайына.
Аздан соң оның сөзін мұтып кетті,
Басында батса-дағы шымбайына...
***
Криздің бір баласы асқан мықты,
Бір күні киік аулай аңға шықты.
Қолындағы мылтығы қапы тиіп,
Қаза жетіп өз оғы өзін жықты.
Сол кезде парсы ханы атақты
Кер,
Кер,
Жаннан беті қайтпаған шын
қайратты ер.
қайратты ер.
Криздің астанасын шабамын деп,
Қамады «не соғыс» деп, «не алым
бер!»
бер!»
Намыс қып соғысқанда әскер
сайлап,
сайлап,
Оқ жауды екі жақтан нажағайлап.
Кер жеңіп, талқан қылып үй
қазынасын,
қазынасын,
Криздің өзін ұстап алды байлап.
«Өлтір!» деп жендеттерге Кер
бұйырды,
бұйырды,
Қаланың ортасына алып жүрді.
Кризді бәйтерекке байлап қойып,
Астына отын үйіп от қойдырды.
Қарады Криз сонда маңайына,
Құлаған, алтындаған сарайына.
Таланған қазынасы мен өлген
әскер
әскер
Тағы да көзі түсті талайына...
Сонда айтты: «Қайран, Салон,
келмедің ғой!
келмедің ғой!
Сөзіңе бұрын ындын бермедім
ғой,
ғой,
Данышпан, қасиетті жан екенсің,
Аман бол! Енді менің өлгенім
ғой!»
ғой!»
Бұл сөзді Кер есітіп аң-таң
қалды,
қалды,
Ағаштан, от сөндіріп, шешіп
алды:
алды:
«Әлгіде айтқан сөзіңнің жайын
ұқтыр!
ұқтыр!
Не себептен шақырдың Салон
шалды?»
шалды?»
Мәнісін Криз айтты бастан-аяқ,
Бір сөзін қалдырмады некен-саяқ
«Мен де осындай болмауым мүмкін
бе?!» деп,
бе?!» деп,
Кер отырды ішінен Кризді аяп.
Тыңдап болып Кер түсті терең
ойға,
ойға,
Ұқсаған өлік жатыр қырған
қойға.
қойға.
«Бүтін әлем біз үшін жаралып
па?
па?
Бұл лайық емес екен, - деді, -
бойға».
бойға».
Сол ойменен Кризді босаттырды,
Екеуі бір-біріне кешу қылды.
«Дос болып, шығыныңды төлеймін»
деп,
деп,
Амандасып еліне қайта жүрді.
Мінеки! Нәпсіге еріп елді
жеген,
жеген,
Зарлайды қарғыс айтып талай
неген.
неген.
Өлген кісі тіріліп бір сөзінен,
Салонның күні бүгін аты
өлмеген.
өлмеген.
Аты қалды деп оны мақтамаймын,
Мен мақтанды артқыға
сақтамаймын.
сақтамаймын.
«Өлі түгіл, тіріге мақтан - теріс»,
Оны түзу дегенді жақтамаймын.
Салонның өзі өлсе де, сөзі
дұрыс,
дұрыс,
Жастарды соны ұғуға
қақпалаймын.
қақпалаймын.
Адамның зор кеселі осы мақтан,
Бұл құрғырдан ешкімді
ақтамаймын!
ақтамаймын!
- 115 просмотров