ВЕРНУТЬСЯ

Сиқыр сөзбен арбасаң

    Сиқыр сөзбен
арбасаң,
Табиғат басын
иеді.
Кәрленіп кімді қарғасаң,
Қатесіз оғың тиеді.
Нұрыңды түгел жасырсаң,
Жаралыс кебін киеді.
Өлшемей шектен асырсаң,
Көз шағылып күйеді.
Өлшеп жібер нұрыңды,
Білсін асық түріңді.
Бір-бірлеп аш сырыңды,
Соныңды көңілің сүйеді.
 

Криз патша

     (Л. Толстойдан)
      Баяғы атақты Айса тумай тұрып,
      Криз деген хан болған дәурен
сүріп.
      Өктемдікпен зорайтқан
патсалығын,
      Маңдағы нашар елдің бәрін
қырып.
      Байлығы, салтанаты жаннан
асқан,
      Ешкімнің обалына қарамастан.
      Онан артық адам жоқ, өз ойында,

Мұтылғанның өмірі

    Бесiмде оқу
бiлсiн деп, 
Ата-анам бердi
сабаққа.
Жетi жаста жетiм
боп,
Түскендей болдым
абаққа.
Ардақты, кенже,
жетiм деп,
Әлпештедi менi
көп.
Надандыққа болды
сеп,
Қақпай ешкiм
қабаққа.
Қосылмай өзге
балаға,
Ойнаушы ем жалғыз
далада.
Адамзат көнбей
қала ма
Тағдырда тартқан
табаққа.
Күн-түн демей
ойнадым,
Ойынға тiптi
тоймадым.

Мәнді сөздер

     Мен жетпіс екі жасқа келгенше өмірде
болатын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі жамандық, жақсылыққа кездесіп,
солардың көпшілігін, керекті-керексіздерін өзім де істеп, басымнан
өткізгендерім көп. «Алдыңда өнегелі көрерің болсын» дегендей, алдымда Абай
марқұм болған соң, содан ғибрат алып, «мен де адамдықтың, адалдықтың жолын
қуғаным жөн» деп, басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына
түстім. Негізгі алған білімім болмаса да, өз бетіммен ізденіп, өткен

Өмір

    Біреу маған от жақ деп қылды бұйрық,
Жағайын
деп ұмтылдым, көңіл жүйрік.-
От жаққалы жатқаным - бір үлкен үй,
Отын жиып қойыпты талай күндік.
Шақпақ жағып жібердім, қуға түсті,
Тұтандырып алуым болды күшті.
Қызыл өңеш болғанда азар жанып,
Соған шейін асығьш, ішім пысты.
Отқа әкеліп отынды салып еді,-
Жалын шығып лапылдап жанып еді.
Үй жылынса, қайтейін, залал да көп,-
Жалын барып талайды шалып еді.

Страницы