ВЕРНУТЬСЯ

    Біреу маған от жақ деп қылды бұйрық,
Жағайын
деп ұмтылдым, көңіл жүйрік.-
От жаққалы жатқаным - бір үлкен үй,
Отын жиып қойыпты талай күндік.
Шақпақ жағып жібердім, қуға түсті,
Тұтандырып алуым болды күшті.
Қызыл өңеш болғанда азар жанып,
Соған шейін асығьш, ішім пысты.
Отқа әкеліп отынды салып еді,-
Жалын шығып лапылдап жанып еді.
Үй жылынса, қайтейін, залал да көп,-
Жалын барып талайды шалып еді.
Жалын кетіп, аздан соң шоқ болды құр,
Отын бітті, үрсем де жана алмай тұр.
Жалынды оттай жайнаған, қайран, өмір
Шоқ сөнген соң қап-қара болды
көмір.
Үш-ақ түрлі өмір
бар; бәрі де мас,
Бір рәуішті болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің - ортаншы өмір,
Түгел қолың
жетпейтін бір жанталас.
Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,
Өкініші қалмайды, кетсе ағатың.
Күні-түні дей гөрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артыңда адам атың.
Өмірдің басы - бала, ортасы - адам,
Қартайып, шал болған соң кетті шамаң.
Мақтап жүрген өмірің осы болса,
Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тамам.