ВЕРНУТЬСЯ

 
  Қыз қызарды. Нәркес көзі жарқ
етті, 
Қимылында бір нәзіктік бар
текті.
Ибалықты жойып алдық деп
жүрсек,
Қыздар жайлы ойдан құрап
ертекті.
Алма бетте албырады ұят
тұнып,
Жаңсақ пікір мекеніне қайтты
ұлып.
Қас-қағымда табиғатын
танытқан,
Жаса мәңгі нәзіктік пен
ұяттылық!
Көп алдына орғып шыққан бір
елік,
Абдырады мерген көзге
тіреліп.
Шәйі көйлектің судырады
етегі,
Сұлулықты жоғалттық деп жүр
едік.
Аққу мойнын иіп төмен үзілді,
Қолдан құйған мінсіз сұлу
мүсінді,
Жер таппады көп көзінен
жасырар
Қып-қызыл боп әлденеге
қысылды.
Мерген жігіт аласұрды
арманда,
Иманы мол жар іздеген
жалғанда.
Гүл етегі судырлап қыз
жөнелді,
Нәзік сәуле шашып кетті бір
маңға.
Қыз жөнелді инабат-ұят
жүзінде,
Жігіт біткен қарап қалды
сүзіле.
"Көзден сақта, тіфә!"-деді
қарт ана,
Сүйсінгеннен қарады ұзақ
ізіне.