ВЕРНУТЬСЯ

 
   Ғұмырымның бір парағын
шектедім, 
Несін ойлап, несін кешем
текке мұң.
Табиғатты селт еткізбес тіпті
де
Күліп келіп күңіреніп
кеткенің...
Ғұмырымның бір парағын
тапсырдым,
Құл тағдырым құзырыңда,
тақсыр күн!
Бақыт жайлы жалған өлең жазып
ем,
Мазақ етті мазасыздау ақсұр
Мұң.
Сөлбең-сөлбең аржағында сан
қырдың
Көкжиектен тұлдыр іздеп
қаңғырдым.
Сүйегімнің майын ішіп... Майлы
бет
Өз отына өзі күйді тандыр
Күн.
Бұл өмірге келмедім деп текке
мен,
Бақыт іздеп шексіздікке
шектелем.
Сен ғұмырлы бол, Өлеңім,
менен де
Жүрегімнің қанына орап еккен ем...