ВЕРНУТЬСЯ

 
   Сен де құлсың, 
Мен де құлмын... Жалданып
жан бағамыз. Мен де-пақыр,
пақыр-Сіз.
Жылап едің... Аз тәттіге
алданып
Ыржимашы, ақымағым ақылсыз!
Сен де сондай,
Мен де сондай көріп күн
Көзіңде-көң,
Көңіл - жыртық шұлықтай.
Заман-жәлеп,
Иесі жоқ өлікпін,
Әрі әкетші, қасқырыңды
ұлытпай!
Құлдығыма
құлдық ұрдым. Құлшынып
қол соғамын қайқыбастың
артынан.
О, жарадың,
Қолым бүгін тұр шығып,
Ұтқаныма сатып алдым жарты
нан...
Сен де өтірік,
Мен де өтірік ыржиып,
Тер тамшылап,
Жегілмеуге қақың жоқ.
Мен де Құдай
болар едім қол жиып,
Ақын болмай тусам егер әкім
боп.
Шаршамаңыз,
Сәлем айтып желге Сіз
Не болса да бір көрерміз
елменен.
Өліп-өліп...
Кең сарайға бергісіз,
Лашығыма қайта оралам
тербеген.
Безінемін,
Сенделемін ой қажап
Бұл қоғамның жүрегі жоқ. Көзі
жоқ...
Бір құл маған
күліп тұрды... О, ғажап!
Балағына жағып апты өзі боқ...