ВЕРНУТЬСЯ

 
  Қарашаның 
суығы-ай, өкпе тескен
Қала суық, суық үй... Суық аға...
Күлік мініп күн кетті.
Өкпелескен
жарам орны бітпеді жуық ара.
Дірдек қағып ән салам іштей,
Мұңды ән...
Өзегімнің тепкісі - жүз мың
жылдық.
Бұлт астынан Күн шықты мұрты
сынған,
Жылуына бір жұтым
күздің-құлдық.
Қарашаның түнінде - Ғұмыр
жалғыз...
Қара шайға бал қостым.
Кермек еді...
Бағамызды біз түбі ұғынармыз.
Жыламаса жүрегің...
Келме енді!