ВЕРНУТЬСЯ

 
   Сазы Д.Қажымовтікі 
 
  1.Тереземнен үңіледі жұлдыздар, 
Жүрегімде саған деген жұлдыз
бар.
Оттай ыстық жанарыңнан
жылынам,
Білінбейді бой қарыған түнгі
ызғар.
Қайырмасы:
Мәңгі-бақи қосылмаймыз
Екеуміз,
Өзгелерге тосын жаймыз
Екеуміз.
Сағынамыз бірімізді-біріміз,
Бірақ... бірақ қосылмаймыз
Екеуміз.
Қозы Көрпеш-Баяндаймыз бұлақ
ән
Бір өмірміз бірін-бірі
құраған.
Өкінумен, жалындаумен күн
кешкен
Біз екеуміз ғашықтармыз
жылаған.
2.Мәңгі-бақи қосылуға қимаған
Қатал тағдыр екеуімізді
қинаған.
Махаббаттың бір періште
сезімі,
Пәктігімен еш арнаға
сыймаған.
3.Тереземнен үңіледі түнгі
Аспан,
Түнгі аспанда жұлдыздардай
мұңдасқан,
Біз сонда да бақыттымыз
өмірде,
Қайғысы мен қуанышы
жымдасқан.