ВЕРНУТЬСЯ

 
   Алданбаймын деп өзіме серт
бердім 
Алғы күнге малданып.
...қаны қайтып жүректегі
кектердің,
Қалдым сосын алданып.
Алданбаймын дедім тағы
Жол болсын!
Жәбір көріп досымнан.
Еріп кеттім - бір айналып сол
досым
табылғанда қасымнан.
Қызығынан шыжығы артық
ондайдың,
Алдап кетті серілік.
Алдануға бір тоймайтын мың
қайғым,
Жібергендей пері ғып...
Алданбаймын дедім тағы
қатайып,
Кештеу келіп ақылым.
Алдыма кеп төлегенде ат айып,
Кеше салдым ақыры...
Бал орнына у құйғандай
кесеме,
Ішпе!-дейді қалған күш.
Алданбаспын енді қайтып десем
де,
Жалғыздығым алданғыш...