ВЕРНУТЬСЯ

 
  Ит жанды 
тірлік басталды.
Базар қайнап...
Тоналып жылады біреу.
Алақанын жайды тастанды,
Жүрек тоқтап...
Бір үйде құлады тіреу.
Нан үшін
біреу жегілді...
Біреудің иті
шұжық жеп ындыны текті.
Жаладан біреу егілді,
Біреуді соттап...
Біреу жындыны тепті.
Самса жеп,
Біреу у ішті...
Қайыршы шал
күңірентіп күй тыңдатты.
Тасалап екеу қуысты...
Біреу көз жасын,
Біреу битін сатты.
Сүлдемді үйге сүйредім,
Күйредім...