ВЕРНУТЬСЯ

 
  Көшкен құмның қойнында әнім
кеткен, 
Қанатымен аққудың оралғай
-ды.
Тауы қайтпас сірі еді жаным
неткен,
Өзім - бақыт, өзім - мұң...
болам қайғы.
Дүниенің төрт көзі осында
екен,
Кереметке кешіккен көзім
басыр.
Әрі таныс, әрі алыс-тосын
мекен
Елесімді еске алып өзің
жасыр...
... қарасынан қалт кетпес
құдіреттің
самалынан сарайың көріктенер.
Ғұмырымдай кешегі - сүгірет
мұң
Бақытыңа ие қыл, өліп көрер.
Шимай сызық санада, Көзде
бұлау.
Жел өтінде желбіреп баратқан
кім?
Өзге түйсік, өзге ой... өзге
жылау
Мен де өзіңдей жалғызбын,
жаратқан Күн.
Өзім - бақыт,
Өзім - мұң,
Өзім - өлең.
Жаның жылар ғұмырда күле
тұрып.
Кереметті көріп ем
көзімменен,
Оған дейін көргенім кіл
өтірік...