ВЕРНУТЬСЯ

 
   ... Сүрдім 
Өлерімді білдім.
Сүрмелеп шықты
Кірпікке ілдім.
Күлдім.
Қызындай Ірдің
үзіліп белім,
Үлбіреп жүрдім.
Тұндым.
Түбінде құрдым.
Қара су сынды
Қақтанып тұрдым.
Бұзылдым.
Тізімнен сызылдым.
Қаңқамды мүжіп
қыртты... Қызыл Күн.
Жылап,
Мың тұрып, құлап.
"Тілекті бер!" - деп
Тәңірден сұрап...
түңілдім.
Кеудеме үңілдім.
Шыңырау түбі -
шамы іңірдің.
Қуандым.
Болмасқа уандым.
Қайғыдан қабырғам
қақырап,
Суалдым...
Бездім...
Мақсатсыз кездім.
Өткінші Дүние
өтірігін сездім.
С - е -з - д - і - м...