ВЕРНУТЬСЯ

 
   Бауырын алып ішіне бұлттар
ауды, 
Жауын күтіп аспанға жұрт
қараулы.
Кеберсіді жерімнің жерік
ерні,
Сыр білдірмес төзімің берік
енді!
Бағыт өзге. Боз бұлттар
жөңкіді бір,
Пысқырмастан жердегі күңкілді
құр...
Қара жерім құйқасы
тілімделген,
Қабақ түйді Күніме
күлімдеген.
Ауған бұлттар асығып
ышқынды-ай бір,
Көк майсаға дүр етер
кішкентай нұр -
тамшы жетпей тырбиды жер
бауырлап,
Аңызақтың кеткендей желі
ауырлап.
Шыңыраудан шыңылтыр су жұттым
да,
Сыртым жалын... Ішім мұз... қу
жұтқанға
тойым болмай тамшы су күйіп
кеттім,
Ауды бұлттар қабағын түйіп
Көктің.
Күткен қиын... сарғайдым
жапырақтай,
Сарғайғанмен мойымас
атырапты-ай!