ВЕРНУТЬСЯ

 
  Замананың 
қазанында қайнадық,
Дарақылар ет алды.
Жаутаңдап ем
"Құдай ма?!"-деп... Ай да арық...
Кімге барам бет алды?!
Нөпір іші
таптап-жаншып мазақтап,
Көрсетеді бармағын.
Өп-өтірік күліп,
Тағы азаптап,
Ырсимашы, жалғаным!
Күресінде күңірендім
"Неге?" - леп,
Шомылдым да сораға
Бақа-бақты батпағына шегелеп
Бақыт кешті сол ара...
О, бұралқы ит!
-Сәлем!
-Сәлем, жарадың!
Тек дәметіп қарама.
Біздің жәй да саған жақын,
қарағым,
Аяғымды жалама!
Мен де өзіңдей
бір итпін
Қаңғып жүрген қалада...