ВЕРНУТЬСЯ

 
  Қазақ қызы бара жатыр, 
Қолтығында негрдің
Қолтығында... бара жатыр
Шыққыр көзім, не көрдің?
Ар-намысы қазағымның
Қолтығында негрдің
бара жатыр... Тазалығым
талақ болып егілдім.
Бара жатыр қолтығында
Әкелердің қарағы...
Бесік бауды олқы мына
Шешіп кетіп барады.
Адалдықтан қара бақыр
Түңілгенің жақсы тым.
Қолтығында бара жатыр
Әз аналар ақ сүтің...
Тфу - деді ұлық жігіт
Арасынан тісінің.
Тфу! - деді ұғып тұрып
Жетпейтінін күшінің...
Қала берді кекті жанып,
Шалап болып айраны.
Қолтығында... кетті жанып
Бабалардың байрағы!
Қазақ қызы бара жатыр,
Қолтығында негрдің.
Қызық болса, қара да тұр
Алда болар не бір күн...