ВЕРНУТЬСЯ

 
  Ғарыш жақтан 
құйылғандай Нұр бөлек,
Мен өзімді танығаным... ғажап -
ты.
Дүниедей Күннің көзі
дөңгелек,
Ықылымның жолы қандай азапты?
Сізді көріп...
Сосын жаным Көк кезген
Көк тәңірі қанатыма қуат құй.
Күлкісінен қараң қалар көп
сезген,
Тамсанғаным болып шықты суат
күй.
Сырты - жылтыр,
Іші сылдыр Ақылдың
парағында парықсыздың күні
өткен.
Бұл айқайым болмасын деп
ақырғы үн,
Мен өзімді алып шығам
түнектен...
Сізді көріп
Шұғылаға жарығам,
Тойған тобыр тосырқаған
ғұмырым.
Сіздік Нұрдан көріктенді арық
ән,
Қайда әлгі, әзірлеген
тұғырым?