ВЕРНУТЬСЯ

 
   Мен - құрбанмын. 
Жеңдің. Келесің ту ұстап
Елесін құшасың сұлбамның,
Қанды уыстап...
Мен - өлікпін.
Ойнап өлікпен... Күлесің...
Өзегі мүжілген өрікпін,
Қайғы - үлесім.
Мен - құлыңмын,
Бәріңді осылай... сүйреймін.
Кетем соңынан ұлымның
түбі...
Күйреймін.
Бітті күш-етім,
Тағы ант беріп егілдің...
Кешір,
қаным жоқ ішетін
Енді, не қылдың!?