ВЕРНУТЬСЯ

 
  Несіне армандаймын? 
Әлдиле, қалған қайғым!
Бүгін - Гүл,
Ертең - Күл боп
Кетер бір жалғандаймын.
Жалға Жан алғандаймын,
Жақындап... қалғандаймын.
Қызыл күн жылап батып,
Сыңсиды сормаңдай Мұң.
Күрсінер Асан-қайғым.
Жағынып,
Жасанбаймын.
Ішімде бір пәле бар,
Өзімнен аса алмаймын.
Өмір деп емінбеймін,
Өлем деп егілмеймін.
Өмірді оқып қойған
Сұп-суық кебіндеймін.
Жалт етер жалғандаймын,
Несіне армандаймын?!
Алдамшы тіршілікте
Ой қуған сормаңдаймын...