ВЕРНУТЬСЯ

 
   Сұп-сұр шашқа оралар білегің
еш... 
Әр талында мың қайғы.
Сұп-сұр болып өтірік күлемін...
Кеш!
Қалған көңіл қыңбайды.
Бір Бақытқа сенімен жету
елес,
Мендік емес, себебі...
Құшып-сүйіп жұбатып кету
емес,
Кемді күнге керегі.
Тағдырым ең... Талайынан тайған
бақ
Мың Арудың бірі - мен.
Мұз - өмірде ойнап жүрген
тайғанақ,
Жылап-жылап түнімен.
Маңдайымнан несін сүйдің
кетерде,
Маңдайымда жоқ бағым.
Бала емеспін алданатын
шекерге
Жалғыз аяқ соқпағым
адастырып... Артын ойлап
қамықтым,
Ар алдында қалдым да.
Мәңгі алынбас мойныңдағы
қамыттың
Күнәѕармын алдында...