ВЕРНУТЬСЯ

 
  Көшер де көшер, көшер күн 
Басымды жерге төсермін.
Ол елдің сырын аша алмай,
Пендесі болып осы елдің.
Өтер де кетер өткел күн
Өтеусіз өмір өткердім.
Қанағаты қорқау дүниеде
Бір жұтым нұрды көп көрдім.
Әдібіне ойдың сыймаған,
Шексіздіктерге жиналам.
Демеймін өмір сырыңды аш
Құпияңды ғана қи маған.
Бесігінде жердің жөргек мұң,
Түсімде жүрем шөлдеп мың.
Қаңсыған шөлде құм кезген
Ішінде екенмін өрнектің.
Сұрама құнын есеңнің,
Өлем деп неге кешем мұң?!
Белдерден белге жетермін,
Бесігі қалған шешемнің...
Ызыңдап салса әнін құм,
Уіліне үңіл жаныңның.
Періге бермес періште
Қолынан сүйем таңымның...
Ғаламның хаты - сөз ғана
демесін. Құбыл, боз дала!
Көзімде тұнған көп бояу.
Гөй-гөйге салшы бозда да!