ВЕРНУТЬСЯ

 
  Күн сүйген маңдайыңды 
Адамнан қызғанғаным үшін,
Алдыңа жүз барғаным үшін
Жоқ жерде сызданғаным үшін
Кешір!
Он алтым - бұла шақтағы
Сезімді сақтағаным үшін,
Өзіңді жақтағаным үшін,
Ешкімге жақпағаным үшін
Кешір!
Тірліктің тұрпайы сәтін
Төзе алмай сөккенім үшін,
Жеңе алмай өкпенің күшін,
Қайғыға бөккенім үшін
Кешір!
Көрместей қоштасып кетіп
Қайтадан келгенім үшін,
Өсекке ергенім үшін
Жаманға телігенім үшін
Кешір!
Дария ақылыңды алмай,
Астамсып кек көргенім үшін,
Құбылып жек көргенім үшін,
Сол үшін текке өлгенің үшін
Кешір!
«Жаным» деп жалындап тұрып,
Отымды өшіргенім үшін,
Жанымды түсінгенің үшін,
Ылғи да кешіргенің үшін
Кешір!