ВЕРНУТЬСЯ

 
   Теректердің жүрегі -
жапырақтар, 
Бүгін - күзім, ертең-қыс,
ақырап бар.
Адам деген өзімшіл
пенделердің
құшасыңдар аяғын...
Ақымақтар.
Ұшасыңдар,
қонарың - қуыстарда.
Сыймайсыңдар жүрекке...
уыстарға.
Сағыныш боп сап-сары
дірдектейсің,
Мен сыймаймын достарға,
Туыстарға...
Бір келері көктемнің
Жүрекке-нұр.
Қайғы жұтқан көңілді тілекке
бұр.
Тау-тау болған сап-сары
сағынышты
Қауға сақал бір орыс күректеп
тұр.
Теректерден үзілген
ғұмырларым,
Жұқанаңда қалмайды,
жұғындарың.
Таптап нөпір кетесің
табандарда,
Табан асты - тағдыры
Жұлындардың...
Теректердің жүрегі -
жапырақтар.
Жапырақтар сап-сары...
Ақымақтар!