ВЕРНУТЬСЯ

 
   Бетінде жылт жоқ сорпадай 
Сүреңсіз күнге тоймадым.
Түн ортақ, Күн де, ортақ Ай
Меншігім ғана ой қалың.
Етегін түріп Күн қашқан,
Артында жалғыз сабылып.
Жүрегімменен үнді Аспан
Шексіздіктерге бағынып.
Көре алмас түнді етжеңді,
Мүсінім мәрмәр тас суық.
Келместі ойлап... кеткенді
Күте де күте ас суып.
Жанымның ішіп азасын,
Қайырлап қалған кере түн.
Жазасың жырды, жазасың
Адам жоқ оқып беретін.
Сөлімді сыққан жүректен,
Дәптерім неткен тойымсыз.
Қара жер үсті тірек кем,
Отызымда мына ойым сыз.