ВЕРНУТЬСЯ

"   Ақын, қазақтың  ауыз әдебиеті үлгілерін  жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазіргіПавлодар облысы , Баянауыл ауданы өңірінде туып-өскен. Жасында ауыл молдасынансабақ алады. 1870 жылдары Хамеретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадаоқиды. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып , халықтық жыр-дастандардыжаттап өскен. 1875 жылдан бастап біраз уақыт оқытушы болады. « Дала уалаяты »газетіне хат-хабар , мақала жіберіп ,тілші болып , « мәшһүр » атанады.{mospagebreak} 1887-1890 жылдары Орта Азияны аралап, Самарқан,Ташкент, Түркістан, Бұхара қалаларында болды. Араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстыңклассикалық әдебиетімен жете танысқан. Ол осы жылдары түрколог-ғалым В.Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, бастыру ісімен айналысты. МәшһүрЖүсіптің әлеуметтік көзқарасына 1905 жылғы бірінші орыс революциясы тұсындағы оқиғаларүлкен әсер етті.Ол 1907жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқа кімдікі?»,«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады.Ақын бұл шығармаларында қазақ халқына бостандық, беру, елде мектеп-медреселерашу, жер мәселесі, сөз бостандығы сияқты өзекті ойлар толғайды. Мәшһүр Жүсіпхалық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін - дастандар мен хикаяларды, тарихижырларды («Көрұғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б.) жинап, Бұқар жырау,Шортанбай, Шөже, т.б. ақын -жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдырды.Қазақауыз әдебиеті мен Шығыс дастандарының үлгісінде «Гүлшат - Шеризат», «Ғибратнама»,«Шайтанның саудасы», «Баяннама», т.б. қисса-дастандар жазды.  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасыалдмен аса көлемділігімен, сан түрлі мазмұн алуандығымен назар аудартады. Атапайтқанда ақынның өлең, дастандар, тарихи мәтіндер, шежірелер, публицистика,педагогика, тіл, философия, табиғат сырлары, дін тарихы туралы т.с.с. құндыеңбектер қалдырғаны белгілі.   Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы, қой жылы, қазіргіПавлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау деген жерде дүниеге келген. Ақынның3 жасында «Тауық жұты» деген жұт болып, бар малынан айрылып, бір ат, бірсиырмен ғана қалған әкесі Көпей: «Дүние жолдас емес, ғылым, білім жолдас» дегеншешімге келіп, баласын оқыту үшін Баянауылға көшіп келеді. Сол кезде аға сұлтанболған Мұса Шорманов Баянауылға медресе салдырып, онда сабақ беруге Омбықаласында тұратын Қамар хазіретті көшіріп әкеледі. Ол кезінде Бұхара қаласындаоқып, көп білім алған адам болса керек. Сабаққа зейінді бала Жүсіпке Қамар көпкөңіл бөледі. Ақырында 8 жастан 9-ға аяқ басқанда, әдебиет пен тарихтан жатқаайтқан сөздеріне сүйсінген Мұса Шорманов(1818-1884) баланың әкесіне мынадайсөздер айтады: « Сопы, мұнан былай мына баланың бас киіміне үкі тақтырыпқойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын балаекен! - дейді. Содан былай қарай бұрынғы «Жүсіп» деген атына «Мәшһүр» - дегенат қосылып айтыла бастайды».   15 жасынан бастап өлең жаза бастаған ақынның«Мәшһүр» аты шығып, халыққа кең танымал болуына ең алдымен тұңғыш қазақ газеті- «Дала уәлаяты» беттерінде ХIХ ғасырдың соңғы он жылдығында жарияланған өлең,мақалаларымен қатар, 1905жылғы халық наразылығы өсуінен сескенген Ресей патшасының сөз бостандығына жолашқан Қазан манифесі әсерімен Қазан қаласында басылған: «Тірлікте көпжасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікіекендігі» кітаптарының әсері мол болды. Баспа бетіндегі уақытша берілгенкеңшілікті пайдаланып, патшалық Ресейдің отарлау саясатының астарын, жер тартыпалуын, сөз, пікір айтуға шектеу қоюын қазақ зиялылары ішінде ең алғашқылардыңбірі болып әшкерелей бастаған Мәшһүр Жүсіп екені белгілі. Сол еңбегі үшін 1912жылдан бастап ақынды қудалау басталғаны, біраз уақыт оның үйінен кетіп, қайдаекенін айтпай, ел ішінде жасырын жүргені де мәлім. "

Мәшһүр Жүсіп