ВЕРНУТЬСЯ

  (1931-1976)    Шынайыпоэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы,Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.        Балалық шағы соғыспен тұспа-тұскелген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдеріаудандық газетте жарық көргенМұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынныңқазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.     Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңесқызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосындадиктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінбасқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесшіқызметін атқарған.{mospagebreak}     Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хантәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі«Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыржыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.    Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыраудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын»қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем,Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.    Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да"Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап,шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.М.Мақатаев қаламынан"Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққуларұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыржинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі -өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғадыжүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек","Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" аттыпрозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитыншығармаларына айналды.    Өмірді сүюдің ғажайып үлгісінкөрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралыгимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімінқастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!"дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсыаттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.     М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлықмәселесіне араласқан, кең,ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, анамен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасықайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зерменкестеленген.

Мұқағали