ВЕРНУТЬСЯ

      Мықтымын ғой
дегенмен

Қорғасындай бір
салмақ кетер емес денемнен.

Басады кеп
төбемнен. Қош айтысып өлеңмен,

Терезеге төнем де Алатауды көрем мен -

Басы қарға бөленген.

Бауыры көкке кенелген - Алатауды көрем мен.

(Қорғасындай бір салмақ арылмайды денемнен)

Мықтымын
ғой тегінде!

Қорқытарың өлім бе, оранарым кебін бе?!

Түкірдім мен оларға!

Ей, жүрегім, жеңілме!

Ана тұрған көгінде - жұлдызың бар сенің де,

Басын иген өлімге, түкірдім мен өмірге!

Ей, жүрегім, жеңілме!

Ей, жүрегім,
жеңілме.

...Мен несіне жерінем?!

Қорқатыным өлім бе?!

Қорықпай-ақ берілем

Өкінішті...

Амал не...

Өлмейтіндей келіп ем...

Мына жарық дүнием бірге туған менімен

Бірге өледі менімен!!!