ВЕРНУТЬСЯ

         Налып келдің соншалық, тұнжырадың

өсегімен біреулердің.

Мен де өзіңмен қосыла қынжыламын,

мұндайда жүдеулеумін.

Қабағыңнан -

менен артып жан ұққан ба! -

іздеймін күлкі таңын.

Табынарым - сен бүлай жабыққанда,

мен кімді пір тұтамын...

Жақсылықтың бәрінен түңілмеші

бір-екі жаман үшін.

Қайғы қылдың, жаным-ау, мұның несін,

болмаса жалаң ісің?!

Түңілер сәт шындықтан өтер кенде,

өшетін үміт, сенім...

Бірақ өмір шарт мінез. Көтермейді

күйректігін жігіттердің!

1967