ВЕРНУТЬСЯ

      Сақылдаған сары аяз да шықсаң бетті
қарып кетеді. Есік, терезе сіресе қатқан мұз.
Боқбасар күрең атын қақпалап суарып келіп, пешке арқасын қойып жылынып отыр.
Қатын-әй, отынды жақшы! Үйдің іші азынап кетіпті ғой, -деді.
-Енді жақ дейсің сорлы. Жалғыз аттан қалған саңылтыр не отын боп жарысын...
Басқа жұрт лаулап ағашты қырып әкеп маздатып отыр...Қой, жұрттай менің беделім
жоқ, тамыр, танысым жоқ. Нұртекел» деген сөзді Қаншайымның бірінші естуі еді.
Сондықтан байының ағаш ұрлауға барғысы келмеген соң айта салған сылтауы екен
деп түсінді.
Терезе тық-тық...
Бұл кім? Қатын,
есік таба алмай жүрген біреу шығар,
есік ашшы! Үйге суықты
азынатып, шатырлатып екі-үш
адам кіріп келді. Боқбасар үйде ме?Мен мұнда, - деп Боқбасар түрегелді. Ауылнай екен. Жанында бір орысы бар.
-        Кәне,
шамыңды жақ, үйіңді тінтеміз...
Боқбасар да, Қаншайым да дір-р...
ете қалды.
-        Ойбай,
не жаздық?!..
-        Әнгімені
қой.
    Жалпылдақ шамды қолға алып
жүріп тінтпеген жерін қалдырмады. Жалғыз-ақ тапқаны
Боқбасардың жас қайыңнан
істеген шоқпары...Үйге келген жастау орыс сұлу мұртты ширатып
жіберіп, тарғыл кінегені ашып жаза бастады.
-        Жаным-ау,
бұларың не?
-        Бұл
- пұртекел. Қазынаның ағашын ұрлапсың.
-        Ойбай,
бір бұрау сындырған болсам кәпір өтейін.
-        Ендеше
шоқпарды қайдан алдың?
-        Шоқпар
Мырқымбайдікі. Түнеугүні күзенге шығам деп сұрап алып едім.
Пұртекел істесе де, Боқбасарға тимей кеткен соң Қаншайым
онша қарғай қоймады. Бірақ Боқбасар артының зілді болатынын
ойлап қауіптеніп жүрді.Қыс өтті.
Жалғыз күрең атты Сағымбайдың соқасына қоса жегіп жер жыртып жүргенде, ойламаған
жерден ауылнай сап ете қалды.
-        Мына
пәбескені аласың, туар айдың оңына
сотқа бару керек.
-        Е,
жұмысты қалдырып қалай барам?
-        Бармасаң
ұстап түрмеге жабады.
    Боқбасар шошып кетті. Не
туралы екенін, неден жазықты
болғанын әрі-бері жалынып сұрап еді, ауылнай айналып та қараған жоқ.
-        Басымды
қатырма, - деп атына мініп, тартып жүре берді.
-        «Сотқа
баратын болсаң, жұмысым тоқтап
қалады, басқа адам аламын» деп Сағымбай соқадан шығарып жіберді.Айдың оң жаңасында күрең атқа мініп, күпісін бөктеріп алып, Боқбасар
қалаға асты.
1.Книга.
2.Повестка.
    Ауылдық кеңес
сайлауы.Жиылған жұрт ауылнайдың жылдық ісінен есеп алып жатыр.
- Ел шаруаларына келтірген нендей пайдаң бар, - деп
сұрау берді.Ауылнай мүдірейін
деді. Тер моншақтап ақты. Үшкелге балаларын жіберттім... Қысқасы шаруаларға қолдан келген көмегімді көрсеттім.Маған сөз бер, - деді біреу. Бұл Боқбасар еді:
-Қысты күні әбиезшікті әкеліп, үйімді тінтіп, ағаш кестің деп пұртекел
істеді. Ағашты лаулап кескен Сапарбектің үйіне қонып, жеген қазысына мәз болып
кетті. Жұмыс уақытында сотқа шақыртып, соның әлегінен егінсіз қалдым. Бұдан да
сот рақымды екен. «Жұмыс кезінде бекер келген екенсіз»- деді.
        Ауылнай үндей алмай
калды.Жиылған өкілдер ауылнайдың ісін нашар деп тапты.
Кейбір кеміс шыққан жерлері сезіліп, «сотқа берілсін» деп.
Боқбасар үйге
келіп, арқасын сүйей отырып:
-Қатын, - деді.
-Немене?
-Былтырғы пұртекелді білесің бе? Әлгі ауылнайдың тінтетіні ме?
     Дүние кезек деген осы екен, бүгін
жиналған жұрт бұзықты мойнына қойып, ауылнайдың өзіне пұртекел істеді.