ВЕРНУТЬСЯ

 
  Жабы мінген жөнелмес, 
Тіріде перне не көрмес.
Көтергенмен кеудесін,
Жақсыға жаман теңелмес.
Өлшеулі демі бітпесе,
Қырық жыл қырғын болғанмен -
Ажалы жетпей ер өлмес.
Тура құрық түскен соң,
Тырп етуге дәрмен жоқ,
Ұсынып мойын, кім көнбес?
Ойналық та , күлелік,
Сайран етіп жүрелік,
Өлген соң дәурен бір келмес!