ВЕРНУТЬСЯ

 
  «Сөйле» десең, сөйлейін, 
Көңіліңді сөзбен делбейін!
Жез бұйдалы мен наршаң,
Қосынды артсаң жетелеп -
Елпендеп неге ермейін.
Көптен бері сағынып
Бас қосқан соң сендермен,
Барымды бүгін сермейін!
Ықыласыңмен тыңдасаң,
Сөзімді пұлдап несіне -
Бойымды балап кернейін.
Атасы тегін жел сөзбен,
Бас - басыңа жетерлік
Еншіңді неге бермейін.