ВЕРНУТЬСЯ

 
  Жасаған өзі жарылқап, 
Жер жарылып көктейді.
Берейін десе жігітке,
Талабын құдай етпейді.
Азамат ерден қол үзбе,
Күндердің күні болғанда,
Басыңа қиын іс түссе,
Қайырылып саған, кетпейді.
Арғымақтың баласы -
Мойны жалсыз болса да,
Қараны көрсе, өктейді.
Үйірде құтпан жалды айғыр,
Жанына ерген саяғын,
Құлағын жымып, теппейді.